09.02.2018ж. «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде Университеттің профессор-оқытушы құрамы, магистранттар, докторанттардың қатысуымен Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында д-р Павлос Теодоракиске «ҚДСЖМ» ҚМУ Құрметті профессоры» атағын беру рәсімі өтті.
Алматы қ. БМСК бойынша ДДСҰ Еуропалық орталығының аға кеңесшісі Павлос Теодоракис «ҚДСЖМ» ҚМУ-мен тығыз өзара әрекет етуде – оның басқаруымен ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді, 2016 жылдан бастап д-р Павлос Теодоракис Университеттің ППҚ, магистранттар, докторанттарға арналған дүниежүзілік денсаулық сақтау саласын дамыту трендтері туралы білімімен бөлісуде.
Университетіміздің құрылуы мен дамуында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рөлі өте зор. Университеттің бүкіл 20-жылдық тарихында ДДСҰ негізгі серіктес болып табылады, және біздің қарыс-қатынасымыз тек нығаюда. Осының күәсі ретінде «Алматы қ. мысалында бастапқы медициналық-санитарлық көмек және қоғам денсаулығы арасын біріктіру дәрежесін бағалау» бірлескен зерттеуін жүргізу, бірнеше жыл қатарынан «Баршаға денсаулық» жылсайындық халықаралық конгресін ұйымдастыру және өткізу, ДДСҰ сарапшыларымен біздің базада мастер-кластарды өткізу болып табылады.
Универстеттің алғашқы құрметті профессоры болып Джо Асвалл атанды, ол Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің құрылыуна және дамуына ықпал етті. 2017ж. «Баршаға денсаулық» V халықаралық конгресінде «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің құрметті профессоры атағы ДДСҰ ЕАБ директоры Жужана Якабқа берілген.