«The Matsumae International Foundation» үкіметтік емес ұйымы 2019 жылғы бағдарламада қатысуға өтініш қабылдайды. Бағдарлама тақырыбы: «Дүниежүзінде Жапонияны және әлемді тереңірек түсіну жолында»
Келесі пәндер басым болады:
- Медицина
- Табиғи ғылымдар
- Инженерлік іс
Зерттеулер жүргізу үшін кандидаттар мекемені (институттар, университеттер, зертханалар, ұлттық немесе жеке мекемелерді) таңдау құқығына ие болады.
жыл сайын, 3 айдан 6 айға дейінгі мерзімде әр елден келген 20 кандидатқа грант ұсынылады.
Кандидат Жапонияға келгенде тқленетін бірреттік жәрдемақы, сонымен қатар зерттеу жүргізуге, тұруға, сақтандыруға, авиабилетке шәкіртақы алады.
Кандидаттарға қойылатын талаптар
Бағдаламада:
- Жапония азаматыболып табылмайтын кандидаттар.
- Ұқсас дәреже иегері ретінде ғылым докторы дәрежесіне ие немесе «The Matsumae International Foundation» ұйымымен танылған кандидаттар.
- 49 жастан аспатаған тұлғалар.
- Ағылшын немесе жапон тілін білу.
- Жапонияға бұрын келмеген кандидаттар (ерекшеліктері: қысқа мерзімді сапарлар – конференциялар, туристтік сапарлар).
- Жапонияда оқу бағдарламасы аяқталғаннан кейін елге оралып, мамандығы бойынша жұмысын жалғастыруын жоспарлайтын кандидаттар.
- Денсаулығында ақаукы жоқ кандидаттар қатыса алады.
олық ақпарат алу үшін pdf. форматындағы файлды көшіру керек. (http://www.mif-japan.org/wp-content/uploads/2015/05/AE2019.pdf)
Өтініш бланкісін осы жерде көшіруге болады (http://www.mif-japan.org/fellowship/form/?hl=en)
Бағдарлама туралы толық ақпарат (http://www.mif-japan.org/fellowship/announcement/?hl=en)
Барлық сұрақтарыңызды ұйымдастырушыларға жіберуге болады (http://www.mif-japan.org/contact/?hl=en)