DE FRANCHE-COMTE Жоғары инженерлік институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі директорының сапары
23.01.2018ж. «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне DE FRANCHE-COMTE Жоғары инженерлік институтының ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі директоры Жан-Мари Кроле келді.
«ҚДСЖМ» ҚМК басшылығының Жан-Мари Кролемен өткенкездесуінде ынтымақтастық, оның ішінде Қазақстанның денсаулық сақтау мамандарына арналған бірлескен мастер-кластар, семинар-тренингтерді ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Жоғары инженерлік институт DE FRANCHE-COMTE Университеті құрамына кіреді, оның құрылымында 6 факультет, 7 институт және 4 докторлық мектеп бар.
Жоғары инженерлік институт Безансон қаласындағы университеттік инженерлік мектеп болып табылады, ол медициналық технологияларда маманданады және жыл сайын 50 биомедициналық инженерлерді оқытып шығарады.
Бакалавриат бағдарламасының шетелдік бітірушілеріне Жоғары инженерлік институттехникалық, медициналық, клиникалық зерттеулерді және халықаралық маркетингті қамтитынхалықаралық магистратура бағдарламасын ұсынады.
Толық ақпаратты серіктестің http://isifc.univ-fcomte.fr/pages/en/menu4563/international-master/international-master-17369.html сайтында алуға болады.