Алматы қ. жұмыс сапары аясында Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік кеңсесінің басшысы Олег Петрович Честнов 2018 жылғы 15 қаңтарда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне сапармен келді.
«ҚДСЖМ» ҚМУ басшылығымен кездесу барысында тараптар ағымдағы және келешектегі ынтымақтастық мәселелерін, сонымен қатар Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жетілдіру жоспарын талқылады.
ДДСҰ өкілі Президент Нұрсұлтан Назарбаев аурулардың профилактикасына, салауатты өмір салтын насихаттауға, міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне ауысуға, медициналық кадрларды дайындау сапасы мен қамтамасыз етілуіне ерекше көңіл аудару арқылы денсаулық сақтауды дамытуға бөлінетін назарды мақұлдады.
Осы таңда «ҚДСЖМ» ҚМУ тиімді өзара әрекеттесуі ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы, Астанада қ. Елдік кеңсесі және Алматы қ. БМСК бойынша кеңсе арқылы жүзеге асырылады.
Previous