2017 жылғы 4 қазанда «ҚДСЖМ» ҚМУ-ға ДДСҰ өкілдері др.Луиджи Миглиорини және др. Арнольдас Юргутис сапармен келді.
Кездесу барысында ДДСҰ қашық кеңсесінің және «ҚДСЖМ» одан әрі жалғасатын ынтымақтастық болашағы талқыланды, сонымен қатар БМСК Алматы декларациясының 40-жылдығына арналған конференцияны жоспарлау бойынша мәселелер де қозғалды.
Др. Луиджи Миглиорини біршама қысқа кезеңде Қазақстан Республикасының қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің дамуындағы үлкен жетістіктерін атап өтті.
Др. Луиджи Миглиорини ДДСҰ арнайы кеңесшісі болып табылады. Ливерпульде (Ұлыбритания) тропикалық медицина және гигиена саласында дипломы және Бостон университетінде (АҚШ) қоғамдық денсаулық сақтау саласында магистр дәрежесі бар. ДДСҰ-дағы жұмысты Косово, Албания, Сербия және Черногорияда Гуманитарлық басқарма басшысы ретінде бастады. Әр кезде Түркия және Ресей Федерациясында ДДСҰ Кеңселерінің басшысының, Аймақтық директордың аға кеңесшісінің лауазымын атқарды. Бостон университетінің Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің штаттан тыс профессоры болып табылады.
Др. Арнольдас Юргутис – Алматы қаласында бастапқы медициналық-санитарлық көмек бойынша ДДСҰ Еуропа орталығының аға кеңесшісі. Клайпеда Университетінің (Литва) профессоры, қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі ретінде жұмыс істеді.