«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Венгрияның Будапешт қаласындағы Мемлекеттік онкологиялық институтымен Ынтымақтаситық туралы шарт жасады
Ынтымақтастық туралы осы келісім онкологиялық патологияны ерте анықтау және алдын алуын жетілдіруге ықпал ететін білім беру бағдарламаларын енгізу және ғылыми әлеуетті біріктіру мүмкіндігін береді, өйткені онкологиялық патологияны ескерту заманауи қоғам үшін басым болып қала береді.
Будапешттегі Мемлекеттік онкология институты Еуропада жетекші институттардың бірі болып табылады және де 65 жыл бойы онкологиялық ауруларды емдеуде пән аралық шаралардың негізділігін дәлелдейді. Институт сарапшылары Обырмен күрес жүргізу бойынша еуропалық кодекстің (2004 ж.) және Халықаралық обырға қарсы одақпен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұйымдастырылған (UICC) және Обыр ауруларымен күрес жүргізу бойынша ұлттық бағдарламаның дайындалуына үлкен үлес қосты.
2017ж. 7 қыркүйекте Ынтымақтастық туралы келісімге қол қою шарасында Венгрияның Сыртқы істер және ішкі сауда министрлігінің Мемлекеттік хатшысы др. Иштван Микола (Венгрия денсаулық сақтау экс-министрі), ҚР-да Венгрияның Төтенше және Уәкілетті елшісі др. Андраш Барани, Мемлекеттік онкологиялық институтының Бас директоры профессор др. Миклош Кашлер, Венгрияның Сыртқы істер және ішкі сауда министрлігі Департаментінің басқарушысы Миклош Гаал, Венгрияның экономикалық істері жөніндегі Атташе Дердь Тар, қалалық мәслихат депутаттары, Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасының және медициналық ұйымдарының басқарушылары қатысты.
СТВ телеарнасының репортажы https://www.facebook.com/pg/KSPH.kz/videos/?ref=page_internal
Previous