2017 жылғы 26-27 маусымда «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде БҒМ және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ұйымдастырған «International Education Fair 2017» халықаралық білім көрмесінде қатысты.
Шараның мақсаты – келешекте әлемдік білім беру кеңістігіне біріктіру, шетелдік білімді әйгілендіру мақсатымен білім саласында халықаралық ынтымақтастықтың перспективаларын кеңейту, сонымен қатар халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу болып табылады.
Халықаралық білім көрмесінде Қазақстан Республикасының, Орта Азия елдерінің және Еуропа одағының жоғары шенді тұлғалары, білім беру саласындағы әлемдік сарапшылар, 500-ден артық қазақстандық және шетелдік ЖОО (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдері) өкілдері, тіл мектептері, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендия бағдарламалары, сонымен қатар шетелде тағылымдадан өту/оқуға қызығушылық танытқан мектеп, колледж және ЖОО бітірушілері қатысты.
Next