2017 жылдың 21-22 маусымында Алматы қаласында «Баршаға денсаулық» V халықаралық конгресі өтті
23Мау, 2017
2017 жылдың 21-22 маусымында Алматы қаласында «Баршаға денсаулық: практикалық медицина және қоғам денсаулығын жетілдіру негізінде ұлт денсаулығының игілігіне барлық қызметтерді біріктіру» V халықаралық конгресі өтті.
Конгресс жұмысында Дүниежүзілік денсаулық ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының Аймақтық директоры Жужанна Якаб, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, Алматы қаласы Әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, ДДСҰ сарапшылары, шетелден (АҚШ, Дания, Нидерланды, Финляндия, Оңтүстік Корея, Германия, Түркия, Литва, Ресей, Өзбекстан және т.б.) келген 20 жетекші ғалым, денсаулық сақтау саласының 2000-нан астам қазақстандық маманы қатысты.
Конгресс практикалық денсаулық сақтауға озық технологияларды және замнауи білімдердің трансфертіне арналған алаң болды.
«Бүгінгі таңда біз үшін ең басты міндет ретінде медициналық сақтандыру жүйесін ойдағыдай енгізу болып табылады. Президент «Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарында» медициналық сақтандыруды бастапқы медициналық көмекті басым дамыту базасында енгізу керектігін атап өтті. Конференцияның екі мақсаты: учаскелік дәрігерлердің жұмыс сапасын арттыру мәселелерін талқылау және бастапқы денсаулық сақтаудың ауруларды ерте анықтау және алдын алу мақсаттылығы.
Біздің алғашқы стратегиялық мақсатымыз – тұрақты даму. Біз елімізде денсаулық индустриясын жасауымыз керек. Бұл алдымызда тұрған үлкен міндет. Ауырмауға тырысуымыз керек және осыған ресурстар қосуымыз қажет», – деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов денсаулық сақтауды ойдағыдай дамыту және мегаполисте салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жағдай жасау мысалы ретінде Алматы қаласын ДДСҰ «Салауатты қалалар» бағдарламасына кіруді келтірді.
V Конгресс ДДСҰ негізгі құжаты болып табылатын бастапқы медициналық санитарлық көмек бойынша Алматы декларациясының 40-жылдығын өткізу дайындығы кезеңінде өткізілді.
«Қазақстан көптеген жылдар бойы Денсаулық сақтау ұйымымен өзара тығыз қатынаста келе жатыр. Өз саясатын қалыптастыру кезінде сіздер ДДСҰ барлық нұсқауларын есепке аласыздар, осының нәтижесінде дұрыс стратегия жүргізіледі, ол денсаулық және денсаулық сақтау жүйесінің көрсеткіштерін жақсартады. Өмір ұзақтылығы бойынша көрсеткіштердің жақсарғанын, ана мен бала өлімінің төмендеуін мақтан тұтамыз, денсаулық сақтау жүйесін, атап айтқанда бастапқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту бойынша үлкен жұмыс жүргізіледі. БМСК деңгейінде қоғам денсаулығы қызметтері бірігуде. Жалпы, Қазақстан денсаулық сақтау қызметтерімен жалпыны қамтуға жақындап келеді. Бүл мыңжылдық даму және 2020 стратегиялық саясат мақсаттарымен үйлеседі және келісіледі. Алматы қаласы «Салауатты қалалар» халықаралық желісіне қосылды. Бұл Орта Азия аумағындағы алғашқы қала. Денсаулық сақтау жүйесінің алдын алуымен және әр адамның денсаулығын нығайтуымен байланысты барлық мәселелер ескеріледі, – деді өз сөзінде Еуропалық аймақтық бюросының Аймақтық директоры Жужанна Якаб.
«Білім – табыс кілті. Білім, ғылым және практиканының үшбірлігін дамытудағы «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің 20 жыл» пленарлық отырысы «ҚДСЖМ» ҚМК 20-жылдығына арналды. «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Қазақстандық қоғамдық денсаулық сақтау мектебін қалыптастырғаны және білім мен ғылымды дамытуда көрсеткен қолдауы үшін ризашылығын білдіріп, ДДСҰ ЕАБ директоры Жужанна Якабқа «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің құрметті профессоры» атағын берді.
ДДСҰ ең жоғары атағы Леон Бернард атындағы лауреаты, академик Төрегельді Шармановтың бастапқы медициналық-санитарлық көмектің дамуына қосқан үлесі өте маңызды және соны бағалай отырып, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің құрметті профессоры» атағы берілді.
Конгресс ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті, «Бастапқы медициналық-санитарлық көмек және қалпына келтіру-оңалту медицинасы мамандарының қауымдастығы» ҚБ.



