«Денсаулық велотуры»
13Мау, 2017
«ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында, Сапа айлығы-2017 аясында Алматы қаласының медициналық ұйымдары: №9 Қалалық емхана, №17 Қалалық емхана және Жедел медициналық көмек станциясымен «Емхана тіркел – міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебеңді анықта!» ұранымен «Денсаулық велотуры» ұйымдастырылды және өткізілді.
Акцияны Түрксіб ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» Партиясының Бостандық ауданының фмлиалы, Қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы», «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті және Алматы клиникаларының қауымдастығы қолдады.
«Денсаулық велотурының» жоспарланған бағыты бүкіл қаланы қамтығандай: Түрксіб ауданы «Алматы-1» теміржол вокзалында басталып, Бостандық ауданы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті саябағында мәресіне жетті.
Басталар алдында «Алматы-1» теміржол вокзалының күту залында қала тұрғындары және меймандарына «103» қызметінің мамандарымен түрлі жағдайларда жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу бойынша және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша мастер-клас көрсетілді.
Акцияны өткізу барысында медицина қызметкерлерімен ақпараттық-білім беру материалдарын (үнпарақтар мен буклеттерді) тарату арқылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізу және электронды форматта egov.kz порталы арқылы денсаулық сақтау қызметтерін пайдалану туралы ақпараттандыру жүзеге асырылды.
Сонымен қатар, велотурдың маңызды міндеті ретінде салауатты өмір салтын насихаттау және спортты әйгілендіру болып табылады.
Мәреде алдағы «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін қолдау үшін акция ұйымдастырушылары аспанға қызыл жүрек пен ақ көгершін түрінде жасалған көптеген шарларды ұшыру арқылы флешмоб өткізді.
Шара МEGA Park сауда – ойын-сауық орталығында қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концертпен аяқталды. Сонымен қатар, концерт барысында «МӘМС» және «ЭКСПО-2017» викторинасы жүргізілді, естелікке жүлделер берілді.
Previous
Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мамандарына арналған медициналық ағылшын курсы
Маусым 12, 2017