ГРУЗИЯ, ТБИЛИСИДЕ АҚШ ҰЛТТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ИНСТИТУТЫН ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА ӨТІНІМ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР
«Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д. Арингазина А.М. 2017 жылғы мамырда Грузия, Тбилисиде АҚШ ұлттық денсаулық институтын гранттық қаржыландыруға өтінім дайындау бойынша халықаралық семинарға конкурс бойынша өтті.
Семинар АҚШ Мемлекеттік денсаулық департаментінің қолдауымен АҚШ Ұлттық аллергия және жұқпалы аурулар институтымен (NIAID) ұйымдастырылды. Семинарда қатысу үшін Шығы Еуропа, Орта Азия және Грузия елдерінен зерттеушілер іріктелді. Семинар тақырыптары гранттық қаржыландыру мәселелерін, өтінімге қойылатын талаптарды, беру, бағалау және рецензиялау үдерісін қамтыды. Рецензияланатын журналдарда жариялану үшін зерттеу мақалаларын жазу дағдйларын жақсарту бойынша практикалық сабақтар өткізілді.



