Астана қаласында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің филиалы ашылды
Еліміздің бас қаласы Астана қаласында «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің филиалы ашылды.
Астана қ. Университеттің филиалын құру «ҚДСЖМ» ҚМУ стратегиялық дамыту жоспарын жүзеге асыруда практикалық қадам болып табылады, соған сәйкес білім беру бағдарламалары еліміздің аймақтарының қажеттілігін есепке ала отырып, ұсынылады. Астана қ. Университет филиалы білім беру және ғылыми стандарттарға сәйкес үздік халықаралық тәжірибенің негізінде жақын орналасқан аймақтарының кадрларын дамытуға ықпал етеді.
Астана қаласындағы «ҚДСЖМ» ҚМУ филиалының презентациясы Астана қаласында «ЭКСПО-2017» Дүниежүзілік көрмеге дайындалу қарсаңында 2017 жылдың 25-26 мамырында өткен Жедел медициналық жәрдем бригадаларының Екінші Республикалық жарысы аясында өткізілді.
Жарыста Астана, Алматы, Шымкент, Семей, Қызылорда, Өскемен, Орал, Көкшетау қалаларынан келген 10 Жедел медициналық жәрдем бригадасы қатысты.
Жарыс қонақтары ретінде Республика денсаулық сақтау министрліктерінің, шет мемлекет елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардың өкілдері, жақын және алыс шетелдердің сарапшылары қатысты.
Жарыстың алғашқы күні «Ересек адамдардың жүрегінің тоқтауы», «Босану барысын белсенді жүргізу», «Балалардың бронх обструкциялық синдромы» және басқа шұғыл жағдайлар бойынша мастер-кластар өткізілді.
Екінші күні «Жерұйық» саябағында түрлі жағдайларда ЖМЖ бригадаларымен шұғыл көмек көрсету жылдамдығы мен сапасын бағалау үшін 9 станциядан тұратын арнайы бағдар дайындалды. Басталар алдында Астана қ, Әкімінің орынбасары Е.А.Аманшаев барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен кәсіби жетістік тілеп, осындай шаралар кәсіби өсу және аймақтар арасында тәжірибемен алмасу үшін мүмкіндік беретіні және осындай жарыстарды тұрақты түрде өткізу қажеттілігі туралы атап өтті.
Әр станцияда қазылар алқасы көмек көрсетудің жылдамдығы мен сапасын, сондай-ақ әдептілікті, команда әрекеттерінің реттелгенділігін бағалады. Медицина қызметкерлерін сабырлылыққа тексеру үшін түрлі жағдайлар арнайы жасалды.
Екі күндік жарыс қорытындылары бойынша Алматы қаласының жедел жәрдем бригадасы ие болды, 2-орынды Астана қаласының командасы алды, 3-орынды Семей қаласынан келген командаға берілді.
Өз сөзінде «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің Ректоры Г.Ж.Тоқмурзиева былай деді: «Шараның негізгі мақсаты – медициналық қауымды жұмылдыру. Осындай жарыстар жаңа білімді алуға, біліктілікті арттыруға ынталандырады. Біз әр жыл сайын қатысушы қалалардың саны өсетініне және жақын арада республикамыздың барлық қалаларынан және аймақтарынан жедел жәрдем бригадаларының көретінімізге сенімдіміз».





