2017 жылғы 7 сәуірде «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетіне ЮНИСЕФ Орта және Батыс Еуропа және Орта Азияда Аймақтық кеңсесінің Денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі маманы Amirhossein Yarparvar келді.
Кездесу аясында тамақтану және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық мәселелері, тамақтану мәселелері бойынша бірлескен қысқа мерзімді курстар өткізу, магистратура мен PhD-докторантураның білім беру бағдарламаларын біріктіру мәселелері бойынша мүмкіндіктер талқыланды.