«Медициналық қызмет көрсететіндерге арналған тиімді коммуникациялар бойынша тренинг» семинар-тренингі
«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті базасында 2017 жылғы 14-17 наурызда Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен пациенттермен жұмыс жүргізгенде коммуникативтік дағдыларды дамыту мәселесі жөнінде семинарлар өткізілді. Семинарды ДДСҰ сарапшысы, психология PhD, Сент-Луис Фармакологиялық колледжінің (АҚШ) профессоры, денсаулықты сақтау және тәртіпті өзгерту мәселелері жөніндегі сарапшы Бретт Крейг өткізді.
Семинар тыңдаушылары – Алматы қаласының дәрігерлері, медбикелері, психологтар, медицина ұйымдарының әлеуметтік қызметкерлері.
Семинар бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімнен тұрады. Оқыту барысында тренингтік, интерактивтік жұмыс форматы пайдаланылды. Оқыту барысында пациенттермен қатынас құру, пациенттермен сөйлескенде кедергілерді белгілеу, сенімді өзара әрекет ету және сөйлесу, белсенді тыңдау және эмпатия сияқты мәселелер қарастырылды. Практикалық сабақтар кәсіби «күйіп кетуді» болдырмау, шиеленістерді басқаруға бағытталды.
Медицина қызметкерлері және пациенттер арасындағы өзара әрекет ету медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту жүйесінде шешуші элемент болып табылады. Сондықтан семинар тақырыбы практикалық денсаулық сақтау үшін өзекті болып табылады, өйткені медицина қызметкерлері және пациенттер арасында сауатты өзара қарым-қатынас жүйесін құру – халықтың медициналық көмегімен қанағаттануын қамтамасыз етудің бір құрамдаушысы. Медициналық көмектің тиімділігіне қол жеткізудегі маңызды рөл өзара түсіністікте негізделген медициналық қызметкерлерге деген халықтың сенімін қамтамасыз етуге беріледі.