«Денсаулық сақтау жүйесін және медициналық білімді жетілдіру бәсекеге қабілеттілікті арттыру факторы ретінде» тақырыбына дөңгелек үстел
2017 жылдың 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында Елбасы халықтың денсаулығы еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы болып табылады және мемлекет халықтың денсаулығын сақтау мәселелеріне зор көңіл бөледі деп айтылған.
Жаңа экономикалық өсу үлгісінде негізделген, жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін Қазақстанның стратегиялық даму мақсатына қол жеткізу үшін, Н.А.Назарбаев денсаулық сақтау жүйесіндегі өзгерістерде және білім беру жүйесінің заманауи рөлінде негізделген адами капитал сапасын жақсарту бойынша міндеттер қойды.
Денсаулық сақтау жүйесінің алдына Елбасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тиімді енгізу, денсаулық сақтауды ақпараттандыру, дәрілік заттарға бағаны реттеуді енгузі бойынша міндеттер қойды.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылдың 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын жүзеге асыру бойынша экномиканың жылдамдатылған технологиялық жетілдіру, бизнес ортаны күрделі жақсарту және кеңейту, макроэкономикалық тұрақтылық, адами капитал сапасын, институционалдық өзгертулерді сыбайлас жемқорлықты күресті және қауіпсіздікті жақсарту бөлімінде негізгі қадамдарды белгіледі.
МӘМС енгізу денсаулық сақтаудың коммерциялық секторы үшін мемлекеттік, сондай-ақ сақтандыру құралдарына халыққа медициналық көмек көрсетуге тең қолжетімді жағдайларды көздейді. Өз кезегінде, азаматтарда медициналық емханалардың таудау мүмкіндігі болады, ол медицина қызметтерінің нарығында бәсекелестікті ынталандырады және олардың сапасын арттыруға ықпал етеді.
Денсаулық сақтау саласында стандарртар белгіленеді, клиникалық хаттамалар және медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша алгоритмдер қайта қарастырылады. Медициналық қызметтерді аккредиттеу, сапасы және көлемі бойынша шартты міндеттемелерді бақылау қорытындысының есебімен қызметтерді төлеу бойынша жұмыс жоспарлануда.
Сонымен қатар, денсалуқ сақтауды цифрлау, интероперабельдік платформасын енгізу (қолданыстағы ақпараттық жүйелерді біріктіру), халықтың электронды денсаулық паспортын енгізу және дәрігердің жеке электрондық кабинетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Дөңгелек үстел аясында адами капиталдың келешектегі дамуына, медициналық кадрларды дайындау сапасын арттыруға, сыни пікірлердің жаму механизмдеріне және өз бетінше ақпарат іздеу дағдыларына негізгі көңіл бөлінді.




Previous