Skip to main content

Жас мамандар мен PhD философия докторларының жұмысты өтеу міндеті


              «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті «Білім туралы» ҚР Заңының 47 бабы, 17 тармағына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде педагогикалық және медициналық мамандықтарға түскен Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) ЖОО-дан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін кемінде үш жыл мемлекеттік білім беру ұйымдарында және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыспен өтеуге міндетті екендігін хабарлайды.

              Мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде философия докторы (PhD) бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтар оқуды бітіргеннен кейін кемінде үш жыл жоғары және (немесе) ЖОО-дан кейінгі білім беру немесе ғылыми ұйымдарда жұмыспен өтеуге міндетті.  

Осы баптың 17 тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босату жас мамандарды жеке-жеке бөлу жөніндегі комиссияның шешімімен келесі санаттар бойынша жас мамандарға:  

       1) жұбайы (зайыбы) тұратын, жұмыс істейтін немесе қызметін өткеретін елді мекенде бос орын болмаған жағдайдағы адамдарға;

      2) І және ІІ топтағы мүгедектерге;

      3) одан әрі оқу үшін магистратураға, резидентураға, докторантураға түскен адамдарға;

      4) жүкті әйелдерге, үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар, сондай-ақ үш жасқа дейінгі баланы (балаларды) өзі тәрбиелеп жатқан адамдарға беріледі.

Оқумен байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстар өтелместен, осы баптың 17 тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің тоқтатылуы:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

      2) тиісті құжатпен расталатын білім алушының (жас маманның) қайтыс болуына байланысты;

      3) жұмысты өтеу мерзімі ішінде І және ІІ топтағы мүгедектік белгіленген жағдайда;

      4) осы баптың 17-2 тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндеттен босатылуына байланысты басталады.

Осы баптың 17-2 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 17 тармағында көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндетті орындамағаны үшін жас маман өзінің оқуына байланысты бюджет қаражаты есебінен шыққан шығыстарды бюджетке өтеуге міндетті.

Қосымша ақпаратты https://fincenter.kz/ сілтемесі арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қаржы орталығы» АҚ ресми сайтынан таба аласыздар.