Қабылдау комиссиясы – Магистратура

ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті

қабылдау комиссиясының жұмысы басталғаны  жөнінде хабарлайды.  Магистратураға түсетіндердің өтініштерін қабылдау

2020 жылғы 15 маусымнан бастап 15 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Құжаттар сканирленген түрде (PDF) қабылданады.

Магистратураға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) ұйым басшысының атына жазылған өтініш (1 Қосымша);

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы және нотариалды куәландырылған көшірмесі);

3) жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);

4)  3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

5) Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттардың біреусіне ие адамдар магистратураға түсу үшін шетел тілден өткізілетін Кешенді тестілеуден (бұдан әрі – КТ) босатылады.

ағылшын тілі:

  • – IELTS – кемінде 6,0;
  • – IELTS INDICATOR – кемінде 6,0;
  • – TOEFL ITP  – кемінде 543 ұпай;
  • – TOEFL IBT – кемінде 60; 
  • – TOEFL PBT – кемінде 498;
  • – Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) – кемінде 95;
  • – CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), межелік ұпай – В2;

неміс тілі:

  • – Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрю фун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, Niveau С1/деңгей C1);
  • – TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/деңгей C1);

француз тілі:

  • – Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) –В1 деңгейінен төмен емес, оқу және тыңдау секциялары бойынша);
  • – Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), деңгей B2);
  • – Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), деңгей C1);
  • – Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 ұпай).

Қалғандары шетел тілі бойынша КТ-ны жалпы негіздерде тапсырады.

6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);

7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (бар болған жағдайда);

8) www.testcenter.kz сайтынан Кешенді тестілеу нәтижелері. 

Тізбеде көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, қабылдау комиссиясы түсушілердің өтініштерін қарамайды.

Сканирленген құжаттарды

kmu_ksph@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет.

Туындаған барлық сұрақтар бойынша ЖОО-дан кейінгі білім беру департаментіне мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұраймыз:

 ұялы тел. +7 (771) 780-76-67; +7 (747) 877-95-04  жұмыс тел.: + 7 (727) 337 80 18 (ішкі 103).

«ҚДСЖМ» ҚМУ Алматы қаласы, Өтепов көшесі, 19а мекенжайы бойынша орналасқан.

Ұзақ мерзімді және жемісті ынтымақтастыққа үміт артамыз!