«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті
қабылдау комиссиясының жұмысы басталғаны жөнінде хабарлайды. Докторантураға түсетіндердің өтініштерін қабылдау
2020 жылғы 3 шілдеден бастап 3 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Құжаттар сканирленген түрде (PDF) қабылданады.
Докторантураға түсу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) ұйым басшысының атына жазылған өтініш (1 Қосымша);
2) білімі туралы құжат (түпнұсқасы, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);
3) жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
4) Шетел тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шетел тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат:
ағылшын тілі:
- – IELTS – кемінде 5,5;
- – IELTS INDICATOR – кемінде 5,5;
- – TOEFL ITP – кемінде 460 ұпай;
- – TOEFL IBT – кемінде 46;
- – TOEFL PBT – кемінде 453;
- – Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) – кемінде 85;
- – CEFR (Common European Framework of Reference – СиИэФаР (Коммон Юуропиан Фреймуорк Ов Рефэрэнс), межелік ұпай – В2;
неміс тілі:
- – Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauВ2/деңгей В2);
- – TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (Niveau В2/ деңгей В2);
француз тілі:
- – Test de Franзais International™ – Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) –В2 деңгейінен төмен емес, оқу және тыңдау секциялары бойынша);
- – Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), деңгей B2);
- – Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), деңгей В2);
- – Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 ұпай);
5) № 907 бұйрықпен бекітілген электрондық форматтағы 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- – 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
- – кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы немесе жұмыс орны бойынша кадр бөлімі растаған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- – соңғы күнтізбелік үш жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар тізімі (ғылыми жарияланымдар, зерттеу жүргізу жоспары, эссе және басқа құжаттар);
- – алдын ала іріктеу нәтижелері («Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім саласы бойынша).
Тізбеде көрсетілген құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда, қабылдау комиссиясы түсушілердің өтініштерін қарамайды.
Сканирленген құжаттарды
kmu_ksph@mail.ru электрондық мекенжайына жіберу қажет.