Алғашқы ректор

Кульжанов Максут Каримович
E-mail: kulzhanov@ksph.kz

 

Медицина ғылымдарының докторы, профессор. АҚШ Вирджиния Достастық Университетінің шақырылған профессоры.

1972 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтының Емдеу факультетін аяқтады. Аспирантураны аяқтағаннан кейін 1978 ж. ғылыми қызметкер, Гигиена және кәсіби аурулар ҒЗИ-да бөлім меңгерушісі және Денсаулық сақтау саласын жоспарлау және болжамдау зертханасының меңгерушісі болып қызмет етті.

1988 – 1990 жылдар аралығында Республикалық денсаулық сақтау орталығының Ғылыми жұмыс жөніндегі бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1997 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры етіп тағайындалды.

1982 жылы «Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру» мамандығы бойынша медицина ғылымдарының кандидаты, ал 1993 жылдан бастап медицина ғылымдарынң докторы.

1995 жылдан бастап – профессор, денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушысының жоғары санатына ие. 160-тан астам ғылыми еңбектің авторы. М.К. Кульжановтың басқаруымен 10 докторлық және 20-дан астам кандидаттық диссертация қорғалды. Оның бүкіл кәсіби қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруімен байланысты.

Ғылыми қызмет елдің денсаулық сақтау жүйесінде терең қайта құрулардың қажеттілігін ғылыми дәлелдеуге арналған. Тікелей қатысуымен денсаулық сақтау саласының нарықтық қатынастарға өту кезінде жаңа экономикалық қатынастарды қалыптастырудың жаңа бағыттары өңделді; басқарушылық міндетті медициналық сақтандыруды және денсаулық сақтау саласын тиімді медициналық-ұйымдастырушылық басқару және қаржыландыру технологияларын енгізу арқылы жүзеге асырылды. Денсаулық сақтау саласында реформаларды жүргізудің ғылыми шараларының белсенді жақтасы бола отырып, өзінің денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушы және педагог қабілетін республикада Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін құру үшін салды. Қазақстан мен ДДСҰ Еуропалық Аймақтық бюросы арасында Қоғамдық денсаулық сақтау мектебін құру туралы келісімге қол қойылды. Қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің даму қарқыны белсенді болып сипатталады. Өткен қысқа мерзімде Мектеп шетелдік серіктестермен көптеген байланыс орнатты, Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерінің Еуропалық қауымдастығына және де оған ұқсас Азиялық-Тынық мұхит қоғамдық денсаулық сақтау одағына қабылданды. ДДСҰ ЕАБ, оның департаменттері ҚДСЖМ-ны Қазақстанда, сондай-ақ жалпы ОАА-да өз стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады, қоғамдық денсаулық саласының 6000-нан астам маманын дайындады. Қысқа мерзімді бағдарламалармен бірге 1-жылдық сертификатталған және 2-жылдық магистрлік бағдарламалар басталды. ҚДСЖМ Қоғамдық денсаулық сақтау мектептерін аккредиттеу бойынша Еуропалық агенттікпен аккредиттелді. Бұл жағдайға халықаралық ұйымдармен үлкен жұмыс істеу тәжірибесі ықпал етеді.

Бірнеше жыл бойы Кульжанов М.К.ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ДДСҰ сарапшысы болып табылды, Еуропалық аймақта денсаулық сақтау бойынша саясат аясында мағызды жұмыс жүргізді. Қазақстан атынан бірнеше рет ДДСҰ және ЮНИСЕФ, Дүниежүзілік Банк, Азия даму банкі және т.б. сияқты халықаралық ұйымдармен жүргізілген форумдарға қатысты. 2000-2004жж. ДДСҰ атқарушы комитетінің мүшесі,  COHRED Басқармасының мүшесі, АИВ/ЖИТС және туберкулезбен күрес жүргізу бойынша ғаламдық қордың, ЮНЭИДС Үйлестіру кеңесінің мүшесі болды. 2011-2017 жж. – ҚР ДСМ Этикалық комитетінің Төрағасы.

Осы таңда ДДСҰ Атқарушы комитетінің мүшесі болып табылады.