Стратегиялық жоспар

МИССИЯСЫ


Сапалы білім, қолданбалы ғылым және тиімді консалтинг арқылы қоғам денсаулығын жақсарту.

КӨРІНІСІ


Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесін дамыту саласында инновациялық технологияларды генерациялауға және трансферттеуге бағытталған медициналық және фармацевтикалық мамандардың жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беру жүйесіндегі жетекші ғылыми-білім беру, үйлестіру-әдістемелік және консалтингтік университеті.

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР


1 2025 жылға қарай жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім берудің, денсаулық сақтау саласында іске асырылған қолданбалы зерттеулер мен консалтингтік жобалардың сапасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Орталық Азияда көшбасшы болу.
2 Білім беру қызметінің түрлерін кеңейтуге қол жеткізу, өзінің бірегейлігін сақтай және дамыта отырып, шетелдік стратегиялық серіктестермен тәжірибе алмасу жөніндегі жұмысты жалғастыру.
3 Қоғамдық денсаулық игілігі үшін оқытудың заманауи нысандары мен әлеуметтік коммуникацияларды белсенді дамыту.
4 Халықаралық білім беру зерттеу жобаларын және рейтингтік, сондай-ақ авторлық оқыту бағдарламаларын енгізуге ынталандыру және жағдай жасау.
5 Профессорлық – оқытушылар құрамы (бұдан әрі-ПОҚ) мен білім алушылардың дәйексөзді басылымдарда жариялау белсенділігін арттыру.

«ҚДСЖМ» ҚМУ 2020-2025 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары

«ҚДСЖМ» ҚМУ 2019 ж. операциялық жоспары

«ҚДСЖМ» ҚМУ 2020 ж. операциялық жоспары