Ректорға сауал қою

Ректорға сауал қою
[contact-form-7 id=”4949″]

Venera: Сәлеметсіз бе, мен балалар инфекциялық аурулар бойынша біліктілікті арттыру курсын оқыдым, ересектер инфекциялық аурулар бойынша сертификатты растау үшін маман сертификатын алу үшін ересектер инфекциялық аурулар бойынша курсын қайта оқуым керек пе?

Сәлеметсіз бе, Venera!
«Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 ж. 11.11. №691 бұйрығына сәйкес, қайта даярлау «Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы» ҚР ДСМ 2009 ж. 24.11. №774 бұйрығымен бекітілген  Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы аясындағы мамандықтар бойынша жүзеге асырылады. Интернатура, және (немесе) резидентура, клиникалық ординатурада оқыған және «балалар» немесе «ересектер» бейіні бойынша клиникалық мамандықтар бойынша 2009 жылға дейін қайта даярлау курсын оқыған клиникалық мамандықтар бойынша жоғары медициналық білімі бар тұлғалар үшін оқу мерзімі, қайта даярлау 432 сағатты құрайды.

Құрметпен, «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті.

«ҚДС» бакалавры: Сәлеметсіз бе! Мен «Қоғамдық денсаулық сақтау» бакалавры болып табыламын, отандық медициналық ЖОО-да оқып шықтым. Енді мені ҚДСЖМ магистратурасында оқу перспектикасы қызықтырады. Оқуға қабылданатын бакалаврларға қандай талаптар қойылады? Бюджеттік оқу немесе қашықтан оқу бар ма? Алдын ала алғыс білдіремін!

Сәлеметсіз бе, www.ksph.kz сайтында магистратура бөлімінде магистратураға қабылданатындарға қойылатын талаптар көрсетілген. Бізде күндізгі жіне модульдік-қашықтан оқыту компоненті бар күндізгі бөлімдер бар. Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Ержан: Сәлеметсіз бе!!! Колледжден кейін сіздерге оқуға түсуге болады ма... Мамандығым - фельдшер... Егер болса, қанша оқу керек?

Сәлеметсіз бе, біз тек бакалавриаттан кейін қабылдаймыз. Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті.

Айнур: Қайырлы күн! Емханалық басқаруда DBA дәрежесіне білім алу бойынша сауал қойғым келеді. Сауалым: Осындай бағдарламалар бюджеттік негізде бар ма? Рахмет.

Қайырлы күн! Әзірше емханалық басқаруда ондай DBA бағдарламасы жоқ, МВА бағдарламасы бар.