Магистратура

Магистратура — бұл тиісті мамандық бойынша «Магистр» академиялық дәрежесін тағайындау арқылы басқарушылық және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындауға бағытталған ЖОО кейінгі білім берудің кәсіби оқу бағдарламасы.

Магистратураға қабылдау «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Медицина» мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.

Магистратураға жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғалар қабылданады.

Магистратурада келесі бағыттар бойынша оқытылады:

  1. Ғылыми бағыттағы магистратура (2 жылдық оқу).

Қоғамдық денсаулық сақтау саласында тереңдетілген ғылыми және педагогикалық дайындығы бар жоғары және ЖОО кейінгі білім жүйесіне және ғылыми-зертитеу секторына арналған кадрларды ЖОО кейінгі даярлаудың білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Ғылыми және педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға  6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110100- «Медицина» мамандықтары бойынша «Медицина ғылымдарының магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.

Оқу түрі күндізгі.

«ҚДСЖМ» ҚМУ-да магистранттарды қолдау бағдарламасы көзделген, ол үздік оқу нәтижелерін көрсете білген,қоғамдық өмірде белсенді қатысатын, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысатын үздік магистранттарды марапаттауға және қолдауға бағытталған. Көзге түскен магистранттарға конкурстық негізде Джо Асвалл атындағы шәкіртақы тағайындалады.

 

  1. Бейінді бағыттағы магистратура (1 жылдық оқу).

Басқарушылық дағдыларды меңгеруге, қоғамдық денсаулық сақтау саласында жетекші мамандарды және денсаулық сақтау саласының кәсіби менеджерлерін даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламарын жүзеге асырады.

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға  6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау», 6М110100- «Медицина» мамандықтары бойынша «Денсаулық сақтау саласының магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.

Оқу түрі күндізгі немесе модульдікқашықтан оқыту.

 

  1. Бейінді бағыт магистратурасы (Іскерлік басқару магистрі, 1,5 жылдық оқу).

Басқарушылық дағдыларды меңгеруге, қоғамдық денсаулық сақтау саласында жетекші мамандарды және қоғамдық денсаулық сақтау саласында жетекші мамандарды және денсаулық  сақтау саласының кәсіби менеджерлерін даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламарын жүзеге асырады.

МБА білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға  6М110200-«Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша «Іскерлік басқару магистрі» академиялық дәрежесі тағайындалады.

Оқу түрі – модульдікқашықтан оқыту.

«ҚДСЖМ» ҚМУ Клайпеда университетімен (Литва) тығыз ынтымақтастықта қызмет етеді, атап айтқанда іскерлік басқару магистрларын даярлау бойынша:

— Клайпеда университетінің дипломын алу

— Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары университетінің және Клайпеда университетінің дипломын алу.

Оқу түрі – Литваға барып-келу арқылы модульдік-қашықтан оқу. Оқу ақылы. ҚДСЖМ ҚМУ магистратурасына құжаттарды қабылдау жыл сайын 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

 

Магистратуға түсетін тұлғалар тамыздың 10-нан 20-на дейін қабылдау еитихандарын тапсырады:

  1. шет тілдерінің бірінен (ағылшын, француз, неміс);
  2. арнайы пән бойынша.

Арнайы пән бойынша емтихандарға дайындалу бағдарламасын құжаттарды тапсырған кезде қабылдау комиссиясының хатшысынанан алуға болады. ЖОО сайтта электронды түрде шет тілінен тестілік тапсырмалар жиынтығын қосымша ұсынады.

Құжаттар Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а, 4-қабат, 206-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

 

Байланыс:

 

Тестілеу үшін төлеу үшін банк деректемелері:

Тестілеу үшін төлемді 4200 теңге құрайды (ҚҚС есебімен) және Қазпошта немесе  «Қазақстан Халық банкі» АҚ бөлімшесінде жүзеге асырылады.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК

010011 Астана қ., Победа даңғ., 60

БСН 000140001853

ЖСК KZ536010111000001515

БСК HSBKKZKX КБЕ 16