Магистратураға түсушілерге арналған ақпарат

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінде магистратураға кім түсе алады?

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің (бұдан әрі – «ҚДСЖМ» ҚМУ) магистратурасына жоғары білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдар қабылданады. Денсаулық сақтау саласында магистратураға адамдарды қабылдау кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Магистратураға қабылдауды бастау және аяқтау мерзімдері

«ҚДСЖМ» ҚМУ магистратурасына өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 15 маусымынан бастап 19 шілдесі аралығында қабылдау комиссиясы және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Магистратураға КТ тапсыру күнтізбелік жылдың 1-нен бастап 15 тамызы аралығында өткізіледі.

Қабылдау – күнтізбелік жылдың 28 тамызына дейін.

«ҚДСЖМ» ҚМУ магистратурасына түсу үшін қандай құжаттар қажет?
Қабылдау комиссиясына келесі құжаттар ұсынылады:

⦁ 1) ұйым басшысының атына жазылған өтініш;
⦁ 2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқасы);
⦁ 3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
⦁ 4) 3×4 сантиметрлік өлшемдегі алты фотосурет;
⦁ 5) шет тілінен төмендегі бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, неміс, француз тілі):
⦁ – IELTS шекті балл – кемінде 6,0;
⦁ – IELTS INDICATOR шекті балл – кемінде 6,0;
⦁ – TOEFL ITP шекті балл – кемінде 543;
⦁ – TOEFL IBT шекті балл – кемінде 60;
⦁ – TOEFL PBT шекті балл – кемінде 498;
⦁ – Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш Тест) шекті балл – кемінде 95;
⦁ – Common European Framework of Reference (CEFR,  шекті балл – В2);
⦁ – Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (DSH, Niveau С1/деңгей C1);
⦁ – TestDaF-Prufung (NiveauC1/деңгей C1);
⦁ – Test de Franзais International™  (TFI– оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес);
⦁ – Diplome d’Etudes en Langue franзaise (DELF, деңгей B2);
⦁ – Diplome Approfondi de Langue franзaise (DALF, деңгей C1);
⦁ – Test de connaissance du franзais (TCF – кемінде 50 балл); (болған жағдайда).
⦁ 6) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар адамдар үшін);
⦁ 7) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда).
6) және 7) тармақшаларда аталған құжаттар түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, салыстырудан кейін түпнұсқалары қайтарып беріледі.

Осы тармақта көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.

Кешенді тестілеу дегеніміз не және «ҚДСЖМ» ҚМУ магистратурасына түсу үшін қандай оқу пәндері бойынша тестілеуден өту қажет?

Кешенді тестілеу – бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы бірнеше оқу пәндері бойынша бір уақытта емтихан алу нысаны.

Магистратураға түсетін адамдар мыналар бойынша кешенді тестілеу тапсырады:

⦁ 1. шет тілдердің біреусінен (ағылшын, француз, неміс);
⦁ 2. білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша (топтар тізбесін төмендегі кестеден көре аласыз).

Кешенді тестілеудің бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары тобының тізбесі

«Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР БжҒМ 2019 жылғы 8 мамырдағы №190 бұйрығы

«ҚДСЖМ» ҚМУ-да 2020-2021 оқу жылында магистратураның қандай білім беру бағдарламалары мен мамандықтарына іріктеу жүргізіледі?

«ҚДСЖМ» ҚМУ 2020-2021 оқу жылында денсаулық сақтау саласында магистратураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды даярлауды жоспарлап отыр:

1.  М139 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»
Мамандықтар:
– 7M10107 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бейінді бағыттағы, 1 жыл;
– 7М10108 «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» ғылыми-педагогикалық бағыттағы, 2 жыл.
2.  М140 «Қоғамдық денсаулық сақтау»
Мамандықтар:
– 7М10139 «Қоғамдық денсаулық сақтау» бейінді бағыттағы, 1 жыл;
– 7М10106 «Қоғамдық денсаулық сақтау» ғылыми-педагогикалық бағыттағы, 2 жыл;
– 7М10102 «Әлеуметтік жұмыс» ғылыми-педагогикалық бағыттағы, 2 жыл;
– 7М10101 «Денсаулық сақтаудағы ақпараттық технологиялар менеджменті» бейінді бағыттағы, 1 жыл.
3.  М144 «Медицина»
Мамандықтар:
– 7М10145 «Медицина» бейінді бағыттағы, 1 жыл;
– 7М10144 «Медицина» ғылыми-педагогикалық бағыттағы, 2 жыл.
4.  М145 «Медициналық-профилактикалық жұмыс»
Мамандықтар:
– 7М10103 «Гигиена» бейінді бағыттағы, 1 жыл;
– 7М10105 «Эпидемиология» бейінді бағыттағы, 1 жыл;
– 7М10104 «Медициналық-профилактикалық жұмыс» ғылыми-педагогикалық бағыттағы, 2 жыл.
Магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгергісі келетін адамдардың алдыңғы білім деңгейіне қойлатын талаптарды Қабылдау комиссиясынан нақтылаңыз.

«ҚДСЖМ» ҚМУ-да магистратура бағдарламалары қандай бағыттар бойынша іске асырылады?

«ҚДСЖМ» ҚМУ кадрларды екі бағыт бойынша даярлайды:

⦁ 1. Ғылыми-педагогикалық магистратура (2 оқу жылы) қоғамдық денсаулық сақтау саласында ғылыми-зерттеу секторы, жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім жүйесінің ғылыми және педагогикалық кадрларын даярлауға бағытталған. Ғылыми-педагогикалық магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертациясын сәтті қорғап шыққан адамдарға  «Медициналық ғылымдар магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.  
⦁ 2. Бейінді магистратура (1 оқу жылы) денсаулық сақтау саласында жұмыс жасау үшін жетекші мамандар мен басшыларды даярлау, кәсіби және басқарушылық машықтарды дамытуға бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын іске асырады. Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік жобасын сәтті қорғап шыққан адамдарға  «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.  

*Магистратура бағдарламаларына түсу үшін құжаттарды қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Өзгерістерді  www.ksph.kz сайтынан қарап отырыңыз. 2020 жылы қабылдау қағидасы 600 бұйрық

Бізбен қалай байланысуға болады?

Байланысу ақпараты

«ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО-дан кейінгі білім беру департаменті
Тел.: +7727 337 80 18 (ішкі 103), +7771 780 76 67
WhatsApp желісіне жазу:
E-mail: e-pk@ksph.kz
сайт: www.ksph.kz
Мекенжайымыз: Алматы қ., Өтепов көшесі 19а, 1 қабат, 103 кабинет.
 Сізді магистратура бағдарламаларында білім алуға шақырамыз!