Кітапхана

Ултуган Болганбаевна Акшалова– «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университетінің кітапханашысы

Білімі:
Челябинск мемлекеттік мәдениет инситуты.
51.03.06 мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.
Кітапханалық-ақпараттық қызмет.

Еңбек өтілі:
Арқалық қ. №2 Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы.
кітап сақтау бөлімінің кітапханашысы.

Сертификаттары:
2019 жылы Мемлекеттік тілді оқыту бағдарламасы
бойынша В2 ортадан жоғары деңгей курсын аяқтады
(жаңа қазақ әліпбиіне негізделген).

Email: u.akshalova@ksph.kz

tagan.2202@mail.ru

«ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университетінің кітапханасы – денсаулық сақтау саласында білікті мамандарды дайындау бойынша оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми үдерістің тіректік базасын, ғылыми-ақпараттық мекемені қамтитын университеттің маңызды бөлімшелерінің бірі болып табылады.

Кітапхана қоры оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, анықтамалық әдебиетпен жарақтанған. Жиынтықтаудың қосымша көздері болып университеттің және басқа да ұйымдардың профессорлық-оқытушы құрамынан сыйға берілген кітаптар болып табылады.

Кітапхана халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесі» бойынша жұмыс жасайды. Барлық ғылыми және оқу әдебиетін мемлекеттік, орыс және шетел тілдерінде көрсететін «Электрондық каталог» және «Электрондық ресурстар», сонымен қатар «Оқырмандар картотекасы» деректер базасы құрылуда.

Магистранттарды, докторанттарды және профессорлық-оқытушы құрамды жаңа әдебиетпен таныстыру мақсатында кітапханада «Рухани жаңғыру» кітап көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 үздік оқулық» жобасы аясында («Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» немесе «Рухани жаңғыру”) аударылған оқулықтар ұсынылған. Бұл оқулықтарды қазақ тілінде аудару және шығару қазақстандық жоғары білім беру саласын дамытуға және ғылымды нығайтуға маңызды үлесін қосады. Оқулықтарды аудару жұмысына ЖОО жетекші оқытушыларының қатарынан 300-ден аса маман, редакторлар, тәжірибелі мамандар және лингвистер қатысты. Оқулықтардың электрондық нұсқалары «Қазақстанның ашық университеті» порталында– www.OpenU.kz  және  www.100kitap.kz. сайтында қолжетімді.

Білім және ғылым министрлігі бірыңғай ғылыми-ақпараттық орта қалыптастыру, ЖОО және ғылыми-зерттеу институттарының  білім алушыларын, зерттеушілерін электрондық ресурстармен қамтамасыз ету мақсатында шетел ақпараттық ресурстарына тегін орталықтандырылған қолжетімділік ұсынады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Clarivate Analytics (Thomson Reuters), Springerlink электрондық ресурстарына қолжетімділік ашылды. ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы, Ұлттық электрондық кітапхана (ҚазҰЭК), ҚР Ғылымдар академиясы кітапханасы, ҚР Статистика комитеті, Әділет, Заң-Закон, DOAJ, Book.ru, Әлемдік цифрлық кітапхана және басқа электрондық толық мәтінді ресурстарға еркін қолжетімділік ұсынылған.

Сондай-ақ, келесі толық мәтінде ресурстарға қолжетімділік ашық:

 

– ҚР Тұңғыш Президенті Кітапханасы,

– Ұлттық электрондық кітапхана (ҚазҰЭК),

– ҚР Ғылымдар академиясы кітапханасы,

– Қазақстанның ашық университеті,

– Қазақстанның Клиникалық медицинасы журналы,

– BioMed Central,

– Sciences Engineering Medicine,

– ҚР Статистика жөніндегі комитеті,

– Әділет,Заң-Закон,

– DOAJ,

– Book.ru,

– Әлемдік цифрлық кітапхана және т.б.

Атауы / Название Ақпарат/ Информация
Clarivate Analytics (Thomson Reuters) – қолданушыларға аналитикалық ақпаратты, ақпараттық шешімдерді және түрлі бағыттағы деректер базасын ұсынатын медиакомпания.
Springerlink жетекші әлемдік жоғары сападағы журналдардың, кітаптар сериясының, оқулықтардың, анықтамалық материалдардың және мұрағаттар жиынтығының интерактивті деректер базасының бірі. Springerlink — жаратылыстану ғылымы, биомедицина, физика, техникалық, компьютерлік, гуманитарлық ғылымдар бойынша, математика, информатика және  экономика бойынша ғалымдарға арналған Springer алғашқы электрондық дереккөзі.
Деректерді қадағалау, талдау және шолудың кіріктірілген кітапханалық құрал-саймандармен рецензияланатын ғылыми әдебиеттің дәйектігі туралы аннотациялар мен ақпаратты қамтитын ірі деректер базасы. Базада 5000 халықаралық баспадан жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар, техника, медицина және өнер саласында 22794-ке жуық  басылымы қамтылған.
ScienceDirect толық мәтінді деректер базасы –25%әлемдік ғылыми басылымдарды қамтитын, өнеркәсіптік кәсіпорындардың  R&D департаменттері мен медицина саласындағы ғалымдар, оқытушылар және студенттерге арналған Elsevier жетекші ақпараттық платформасы.
АШЫҚ ҚОЛЖЕТІМДІ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ
Атауы Қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасының ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫНЫҢ Кітапханасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің ақпараттық-идеологиялық кешені, ол кітапхананың, мұрағаттың, мұражайдың, аналитикалық, мәдени-оқытушылық және ғылыми-зерттеу орталығының фукцияларын атқарады.
Қазақстандық ұлттық электронды кітапхана (ашық қолжетімді) — Қазақстанның кіапханаларындағы кітаптардың электрондық көшірмелерінің жиынтығы, оның ішінде: Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасы, «Отырар кітапханасы» Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ғылыми орталығы, облыстық кітапханалар, ЖОО кітапханалары, және жеке авторлардікі: белгілі ғалымдар, жазушылар, қоғам қайраткерлері.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы — табиғи-ғылыми депозитария функцияларын атқаратын Қазақстандағы ғылыми әдебиеттің ірі қор ұстаушысы (5,7 млн. дана)
Әділет (ашық қолжетімді) — Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі. «Әділет» АҚЖ Қазақстан Республикасы министрлерінің нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, мәслихат, әкімдік және әкімдердің нормативтік-құқықтық актілерінің ресми жариялынымын жүзеге асырады.
ZAKON.KZ ақпараттық порталы — Қазақстан және әлемде болып жатқан соңғы жаңалықтар, ауа-райы болжамы, валюта курсы, ҚР заңнамалары.
Статистика жөніндегі комитеттің ресми сайты
«Қазақстанның Ашық университеті» – еліміздің жетекші ЖОО және оқытушыларынан онлайн-курстарға әрқайсысы үшін шектеусіз тегін қолжетімділікті ұсынатын білім беру платформасы.

 

«Қазақстанның клиникалық медицинасы» журналы
DOAJ (ашық қолжетімді) — рецензияланатын, жоғары сапалы журналдарға қолжетімділікті индекстейтін және қамтамасыз ететін интерактивті онлайн-каталог.  9 922 журналды, 2 579 455 мақаланы қамтиды, сонымен қатар әлемнің 122 елі осы онлайн-каталогты пайдаланады. Ашық қолжетімділіктегі журналдар ғылым, техника, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың барлық саласын қамтиды.
Ресей ғылыми дәйектеу индексімен ықпалдасқан Ресейлік ғылыми электрондық кітапхана.
Бактерияға қарсы препараттарды қолдану, клиникалық микробиология, инфекциялық ауруларды емдеу және алдын алу мәселелерін көрсету үшін құрылған ақпараттық ресурс.
Wiley Open Access (ашық қолжетімді) көптеген пәндер бойынша ашық қолжетімді беделді және рецензияланатын журналдарды жариялайды. “Wiley” ашық қолжетімді журналында жарияланатын барлық ғылыми мақалалар бірден оқу және жүктеу үшін ашық қолжетімділікке түседі.
Fully open access journals (ашық қолжетімді) – медицина, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша толығымен ашық қолжетімді 44 журналды қамтиды.
BioMed Central (ашық қолжетімді) – ғылыми мақалалар мен журналдарды оқу және жариялауға арналған ашық қолжетімділіктегі  платформа. 400-ден аса ғылыми журналдар қолжетімді.
Жетекші академиялық басылымдардың бірі. Тіркеуден кейін барлық басып шығарылған кітаптарға тегін толық мәтінде қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Cambridge University Press (ашық қолжетімді) басылымдағы серіктестермен бірге ашық қолжетімділіктегі бірқатар ғылыми журналдар мен кітаптарды жариялайды. Ғылыми журналдарда 3 000 аса мақалалар қолжетімді.
Салалық зерттеулер бойынша ашық ресурстар гуманитарлық ғылымдар, медицина, бизнес және техника бойынша барлық салалардағы іс-шаралар, семинарлар, конференция материалдары, деректер базасы.
Ішінде түрлі оқулықтар, энциклопедия, анықтамалықтар, оқу құралдары, көптеген пайдалы және қызықты ақпараттар мен түрлі ғылым саласындағы ғылыми танымдық әдебиеттер бар Тегін электрондық кітапхана.
Шығыс Мичиган университетінің қызметкерлері, студенттері және оқытушылары құрған ғылыми және шығармашылық жұмыстардың Цифрлық кітапанасы. Сайттың негізгі қорына журналдар, диссертациялар, оқулықтар, монография кіреді, сондай-ақ  сайтта университетте өтетін маңызды іс-шаралардың мұрағаты мен ғылыми-зерттеу орталық бөлімшесі бар.
Қазақстандық авторлары туындыларының Интернет-кітапханасы. Интернет-порталдың мақсаты – мемлекеттік тіл және қазақ мәдениетін тек Қазақстанда ғана емес, қазақ әдебиетіне қызығушылықты арттыру жолымен шетелге таныту. Сайтта электрондық басылымдар түрлі тілдерді ұсынылған.
ҚР ӘМ Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеттің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМКК сайты. Ол жерде бұйрықтар, қағидалар, нұсқаулықтар, заңнамалық және нормативтік актілер, «Қазақстан патенттері» өнертабыс және пайдалы модельдер базасы қамтылған.
Интернетте орналастырылған қазақша-орысша, орысша-қазақша электронды сөздік. Аударманың әр бағыты бойынша 60000 астам сөздік қоры бар.
Журналдың басты назары – бірқилы, маңызды ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу шолуларының шығарылымдары болып табылады,  «Science» сонымен қатар ғылым жаңалықтарын, ғылыми саясат және ғалымдар мен ғылыми жетістіктер мен технологияларға қол жеткізумен айналысатын басқа да адамдарға қызықты т.б. мәселелер туралы пікірлерді шығарады.
Nature Publishing Group компаниясының жаратылыстану ғылымдары жөніндегі журналы
Әдістемелік бағыты бар отандық және шетелдік авторлардың фундаменталдық және қолданбалы сипаттағы ғылыми мақалаларын, шолу жұмыстарын қамтиды.
Гарвард университетінің ашық электрондық мұрағаты: 13 мыңнан астам ғылыми жұмыстар (экономика, құқық, медицина ғылымдары, педагогика және т.б. бойынша диссертациядар, кітаптар, мақалалар, студентер жұмысы).
Ғылымның барлық саласы бойынша ашық қолжетімді журналдар жиынтығы.
Дипломдық жұмыстар мен диссертациялардың электрондық диссертациялардың электрондық жиынтығы.
Салалық зерттеулер бойынша ашық ресурстар, гуманитарлық ғылымдар, медицина, бизнес және техника бойынша барлық салалардағы іс-шаралар, семинарлар, конференция материалдары, деректер базасы.
2005ж. бастап химия бойынша журнал
Психологиялық білім алатын, психологиямен қызығатын немесе онымен кәсіби түрде айналысатындардың барлығы үшін пайдалы ақпараты қамтылған психологиялық танымдық сайт (тесттер, тренингтер, кітаптар, сөздік, белгілі ғалым психологтардың жұмыстары, психология жаңалықтарына сілтемелер).