ЖОО кейінгі білім беру департаменті

Жетыбаева Сандугаш Бакытовнааға әдіскері

Жұмыс телефоны: 337-80-32 (ішкі 103)

e-mail: zhetybaeva@ksph.kz

Балкыбеккызы Гаухар – әдіскері.

Жұмыс телефоны: 337-80-32 (ішкі 103)

E-mail: gauhar_05.95@mail.ru

Ерманова Фариза Зайтуновна – маман

Жұмыс телефоны: + 7 (727) 337-80 -32 (ішкі 101)
E-mail: f.ermanova@ksph.kz

ЖОО кейінгі білім беру департаменті кадрлардың – докторанттар (PhD) мен магистранттардың дипломнан кейінгі дайындық жүйесін басқаруды жүзеге асыратын «ҚДСЖМ» құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Тарихы. Магистратура және докторантура бөлімі 2010 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары  мектебінің ректоры бұйрығының негізінгі құрылған.

Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері
бөлімнің негізгі мақсаты ретінде үздіксіз білім беру қағтдаларына және әлемдік еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес ҚДСЖМ-да докторанттар (PhD) мен магистранттарды даярлаудың тиісті талаптарын және толыққанды мүмкіндіктерін қамтамасыз етуде ықпал ету, Қазақстан Республикасы үшін ғылыми кадрларды (PhD докторларын және магистрларды) даярлау бойынша біріктірілген білім беру кеңістікті қалыптастыру болып табылады.

Инновациялық мақсаты – ҚДСЖМ-да кадрларды (PhD докторларын және магистрларды) даярлау деңгейін әлемдік сапа стандарттарына және әлемдік еңбек нарығының басым қажеттіліктеріне сәйкестікті қамтамасыз ету және мониторинг жүргізу.

Практикалық мақсат – білім алушы ғылыми-педагогикалық кадрларына (PhD докторларын және магистрларды) жоғары құзырлы сапаға кепіл беретін білім беру орталығы ретінде ҚДСЖМ имидждік қорын қалыптастыру.

Бөлімнің негізгі міндеттері:
Кафедра басшылығымен бірлесіп ҚДСЖМ барлық бағыттары мен мамандықтары бойынша докторанттар мен магистранттарды қабылодау және даярлауды ұйымдастыру жәнежоспарлау.
Әлемдік еңбек нарығында қажет етілетін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды қамтамасыз ету, оның ішіндебюджеттік, сондай-ақ келісім-шарттық және мақсаттық қабылдау жоспарларын орындау, сонымен қатар докторанттар мен магистранттармен диссертациялардың уақтылы орындалуы.
ҚДСЖМ кафедраларының докторанттар мен магистранттарды даярлау бойынша оқу және оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру, оның ішінде, ҚДСЖМ кафедраларымен ғылыми-білім беру бағдарламаларын мамандарды аталған даярлау деңгейлері мен сатысы бойынша әзірлеуге және жүзеге асыруға бақылау жүргізу.
БІлім алушылардың аттестаттауы және ғылыми жетістіктерінің қорытындылары бойынша ҚДСЖМ докторанттары мен магистранттарын даярлау жағдайының бақылауын, есебін, талдауын және бағалауын жүзеге асыру.

Бөлімнің міндеттері
Крнкурстар және ҚДСЖМ докторантурасы және магистратурасына қолданыстағы қабылдау ережелері туралы ақпараттандырады.
Бөлім докторанттар мен магистранттарды даярлау үдерісін ұйымдастыру, жоспарлау және жүзеге асыру бойынша нұсқаулықтарды (нұсқау хаттарды), ережелерді және басқа нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлейді, шығарады (тираждайды) және ҚДСЖМ құрылымдық бөлімшелеріне таратады.
ҚДСЖМ құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Қабылдау туралы ережені, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық кадрларды (PhD докторларын және магистрларды) перспективалық және жылдық қабылдау және аяқтау жоспарларын дайындайды.
Кәсіби ғылыми-білім беру бағдарламаларына мониторинг жүргізеді, оның ішінде әлемдік ғылыми-білім беру тәжірибесінің және жоғары білікті мамандарды даярлаудың халықаралық бағдарының есебімен бағдарламалардың тұжырымдамаларын қарастырады және келіседі.
PhD докторларын және магистрларды даярлау және шығарудың негізгі көрсеткіштері бойынша анықтамалық, есептілік және өзге құжаттарды дайындайды. ҚДСЖМ басшылығы мен Ғылыми кеңесіне қажет етілетін құжаттарды ұсынады.

Даярлау үдерісін жетілдіру мақсатымен, ҚДСЖМ-да даярланған жоғары білікті кадрлардың кәсіби қызметіне мониторинг жүргізеді, магистратура мен докторантура бітірушілері туралы деректер базасын қолдайды.

Департаменттің жұмысын реттейтін нормативтік-құқықтық актілері.
Білім беру қызметтерін жүзеге асыру тәртібі келесі нормативтік құқықтық актілермен реттеледі:
— «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
— «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
ГОСО РК 5.04.019-2008 «Жоғары білім. Негізгі ережелер»;
ГОСО РК 5.04.033-2008 «ЖОО кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер»;
ГОСО РК 5.04.034-2008 «ЖОО кейінгі білім. Докторантура. Негізгі ережелер».
Магистратура мен докторантураға қабылдаудың үлгілік ережелері;
Кредиттік оқу технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың үлгілік ережелері;
ЖОО-да білім алушылардың үлгерімі, аралық және қорытынды аттестаудың бақылауын жүргізудің үлгілік ережелері;
Қашықтан білім беру технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың үлгілік ережелері;
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

Байланыс деректері:
Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бостандық ауданы, Өтепов к-сі, 19А, пошталық индекс 050060
Телефондары: +7 (727) 3378011, +7 (727) 3378032.
Факс: +7 (727) 3378018