ТЫҢДАУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ!
Қайта даярлау циклына өтінімдер 8-727-337-80-18, 337-69-05 немесе E-mail: ksph@ksph.kz, ksph14@mail.ru бойынша қабылданады. Барлық қажетті ақпаратты www.ksph.kz сайтынан алуға болады.
Сонымен қатар, «ҚДСЖМ» ҚМУ оқу уақытында жатақханада тұруға мүмкіндік беретінін хабарлайды. «ҚДСЖМ» ҚМУ-де: компьютерлік сыныптар, интернет, кітапхана, оқу залы, буфет бар.
Оқу корпусы мен жатақхана мына мекенжайда орналасқан: Алматы қаласы, Өтепов көшесі,19а (Гагарин көшесінің қиылысында).
Жол жүру әуежайдан: №32 автобус, «Гагарин көшесі» аялдамасы
Алматы-1 темір жол бекетінен: №30, №18 автобус, «Өтепов көш.» аялдамасы
Циклға қабылдану үшін тыңдаушылар төмендегі құжаттарды ұсынуы керек:
- Ұйымның тыңдаушыны оқуға қабылдауы туралы өтініші (ұйымның елтаңбасы бар бланкісінде тыңдаушының аты-
жөнін, лауазымы мен базалық білімін көрсете отырып, ерікті үлгіде толтырылады).
- Тыңдаушының жеке өтініші (104 каб. толтырылады)
- Тыңдаушының жеке карточкасы (104 каб. толтырылады).
- Жеке басын куәландыратын құжат (көшірме)
- Мамандығы бойынша орта медициналық білімі туралы диплом (көшірме).
- Тыңдаушыны оқуға жіберу туралы ұйымнан берілген бұйрық.
- Алғашқы мамандандырудан өткені туралы құжат (көшірме).
- Тегін өзгерткенін куәландыратын құжат (диплом мен жеке басын куәландыратын құжаттағы тегі сәйкес келмегенде)
- Соңғы 5 жыл ішінде біліктілігін жоғарылату курстарынан өткені туралы құжаттар (көшірмелер).
- Оқу туралы шарт 2 данада (104 каб. толтырылады)..
Құжаттар көшірмелері кадрлар бөлімінде немесе нотариалды расталуы тиіс.
Ескерту:
Тыңдаушылардың құжаттарын қабылдау уақыты:
сағат 09.00 – 18.00 дейін
сағат 13.00 – 14.00 үзіліс
Біліктілікті арттыру циклдары бойынша кез келген ақпаратты Қосымша білім беру департаментінен анықтауға болады.
Байланыс үшін: бөлім телефоны:
тел. 8(727)337-69-05 , 8(727)337-80-32 , 8(727)337-80-29 (ішкі – 148,)