Бейінді магистратура «6М110100 – Медицина»

Бейінді магистратура басқару дағдыларын қалыптастыруға және медицинаның нақты бағыты бойынша басқарушыларды, менеджерлерді және жетекші мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын іске асырады.

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және магистрлік диссертацияны қорғаған тұлғаларға 6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша «Денсаулық сақтау магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіби қызметінің объектілері денсаулық сақтауды басқару органдары және денсаулық сақтау ұйымдары болып табылады.

6М110100 – «Медицина» мамандығы бойынша магистратура түлектері келесі кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

– әкімшілік-басқарушылық (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқарушылық жұмыс құрамы);

– аналитикалық (ақпараттық-талдау орталықтарының қызметкерлері);

-сараптамалық-консультативтік (Денсаулық сақтау ұйымдарындағы сарапшылар, кеңесшілер).

 

«Денсаулық сақтау магистрлерін» даярлаудың білім беру бағдарламасының негізгі міндеттері:

– медицинаның нақты бағыты бойынша магистранттарды жеке тереңдетілген теориялық және практикалық даярлау, магистранттардың әлемнің ғылыми бейнесін тұтас қабылдауды қамтамасыз ететін аса маңызды және тұрақты білімді игеруі есебінен білім берудің жоғары сапасына қол жеткізу;

– білім алушыларда өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі дамыту қабілетін, олардың белсенді өмір сүру барысында жаңа білімдерді өздігінен шығармашылық меңгерудің қажеттілігі мен дағдыларын қалыптастыру;

– кәсіби мәдениет деңгейі жоғары, оның ішінде азаматтық ұстанымы бар, қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдауға және шешуге қабілетті, кәсіби қызметті табысты жүзеге асыратын кәсіби қарым-қатынас мәдениеті бар мамандарды даярлау;

– магистранттарды ғылым тоғысындағы нақты дамып келе жатқан әлемде кәсіби ұтқырлыққа кепілдік беретін іргелі біліммен қамтамасыз ету.

 

Магистратураның білім беру бағдарламасы келесіні қамтиды:

– базалық және кәсіби пәндерді оқытуды қамтитын теориялық оқыту;

– кәсіби практика;

– магистрлік диссертацияны орындауды қоса алғанда, эксперименталды-зерттеу жұмысы.

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламасы практиканың келесі түрлерін қамтуы тиіс: өндірістік.

Магистранттың өндірістік практикасы оқу үдерісінде алынған теориялық білімді бекіту, тәжірибелік дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеру, сондай-ақ озық тәжірибені игеру мақсатында жүргізіледі. Ол жеке жоспарға сәйкес оқу жоспарымен белгіленген мерзімде іске асырылады. Магистрант шетелдік ғалымдардың дәрістеріне қатысуы, ғылыми семинарлар мен конференцияларға белсенді қатысуы, ғылыми жетекшінің бақылауымен эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Өндірістік практиканы өткізу орны Денсаулық сақтау ұйымдары және ғылым ұйымдары болып табылады.

 

Бейінді магистратурадағы эксперименталды-зерттеу жұмысы:

– магистрлік жұмыс қорғалатын мамандықтың негізгі проблематикасына сәйкес келу;

– ғылымның, техника мен өндірістің қазіргі жетістіктеріне негізделу және нақты практикалық ұсынымдарды, басқарушылық міндеттерді дербес шешуді қамтамасыз ету;

– озық ақпараттық технологияларды қолдану арқылы орындалады;

-негізгі қорғалатын ережелер бойынша эксперименталды-зерттеу (әдістемелік, практикалық) бөлімдерді ұстау

 

 

Магистратура түлектерінің іргелі ғылыми және кәсіби дайындығына, ғылыми ақпаратқа ие болуы, өңдеу және сақтау әдістерін қоса алғанда, заманауи ақпараттық технологияларды меңгеруі, заманауи ғылыми және практикалық мәселелерді қалыптастыра және шеше білуі, таңдаған ғылыми мамандық бойынша эксперименталды-зерттеу/ғылыми-зерттеу қызметін жоспарлау және жүргізе білуі, жоғары оқу орындарында сабақ бере білуі, зерттеу және басқару қызметін табысты жүзеге асыруы тиіс.

 

«6М110100-Медицина» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпы білім беру стандартында негізделеді.

 

Оқыту түрі-бейіндік оқыту бағдарламасы – модульдік, қашықтықтан.