Бейінді бағыт бойынша магистратура 1 жыл

Бейіндік бағыт. Бейінді магистратура қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші мамандарды және денсаулық сақтау кәсіби менеджерлерін даярлауды қамтамасыз етуге, басқарушылыққа дағдыландыруға бағытталған қолданбалы сипаттағы білім беру бағдарламаларын, оның ішінде МВА білім беру бағдарламасын (“Іскерлік басқару магистрі”) жүзеге асырады.

Бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларын игерген және магистрлік диссертация қорғаған тұлғаларға 6М110200 «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша “Денсаулық сақтау магистрі” академиялық дәрежесі беріледі.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің нысандары болып төмендегілер саналады:

-денсаулық сақтауды басқару органдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары.

Кәсіптік қызметтер түрлері:

-әкімшілік-басқару (денсаулық сақтауды басқару органдарының мамандары және денсаулық сақтау ұйымдарының әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы);

– аналитикалық (ақпараттық- аналитикалық орталық қызметкерлері); – сараптамалық-консультациялық (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдарының сарапшылары, консультанттары).

– санитарлық-ағартушылық және індетке қарсы (денсаулықты күшейту мен аурушаңдықтың алдын алу бойынша мамандар).

Магистратураның білім беру бағдарламасына мыналар жатады:

– базалық және бейінделген пәндерді біліп зерттеуді қамтитын теориялық оқу;

– кәсіби (өндірістік) практика;

– магистрлік диссертацияны орындауды қамтитын тәжірибелік-зерттеу жұмысы.

Теориялық оқу міндетті компоненттер мен таңдау компонентіне (элективтік пәндер) бөлінетін базалық және бейінделген пәндерді қамтиды. Білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтиды (мақсаты – оқу үдерісінде алынған теориялық білімді бекіту, практикалық дағдылар мен хабардарлыққа дағылану, сондай-ақ озық тәжірибиені игеру).

Ғылыми-зерттеу жұмысы:

– қорғалатынмагистрлік диссертация мамандықтың негізгі мәселенамасына сәйкес жүргізіледі;

– ғылым, техника мен өндірістің заманауи жетістіктеріне негізделуі және нақты практикалық ұсыныстары, басқарушылық міндеттердің өзіндік шешімдері болуы керек;

– озық ақпараттық технологияларды қолдана отырып орындалуы керек;

– негізгі қорғалатын жағдайлар жайында тәжірибелік-зерттеу (әдістемелік, практикалық) тараулары болу керек.

Білім беру бағдарламасы «6М110200-Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Жалпыға міндетті білім беру Стандартына негізделеді.

Оқудың толық курсын аяқтаған магистратура түлегінің негізгі, ғылыми және кәсіби даярлығы бар болады, ол ғылыми ақпаратты алу, өңдеу және сақтау әдістемесін қамтитын заманауи ақпараттық технологияларды игереді, заманауи ғылыми және практикалық проблемаларды тұжырымдай және шеше алады, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша тәжірибелік-зерттеу/ғылыми-зерттеу қызметін жүргізе алады, жоғарғы оқу орнында сабақ бере алады, зерттеу және басқарушылық қызметті іске асыра алады.

Магистратура түлектерінің кәсіптік қызметінің нысандары медициналық жоғары оқу орындары, колледждер, денсаулық сақтауды басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары, денсаулық сақтау және әлеуметтік саланың мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелері мен кәсіпорындары болып табылады. Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі әртүрлі дәрежедегі басшы ретінде ОДА менеджерінен бастап ҚР ДСМ мен үкіметі жүйесіндегі ең жоғарғы дәрежеге дейін, халықтың белгілі топтарын әлеуметтік қорғау қызметі мен қолдау қорында, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшысы, жекеменшіктің барлық түріндегі емдеу-профилактикалық мекемелер басшысы,.

Оқу мерзімдері. Бейіндік даярлықта магистратураның білім беру бағдарламасын меңгерудің нормативтік ұзақтығы 1 жылды құрайды.

Білім алуды жалғастыру мүмкіндігі. Магистрлік білім беру бағдарламаларын сәтті меңгерген түлектер “6D110200 – Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша докторантурада оқуға дайын.

Оқу түрі – бейінді оқу бағдарламасы – модулдік-дистанциялық.