Дәрігерлерге арналған кәсіби ағылшын тілі

Мақсатты аудитория

Осы модуль пациенттер мен әріптестерімен ағылшын тілінде сөйлесу, кәсіби даму бағдарламаларында, тағылымдамаларда, конференцияларда қатысу, шет елде жұмыс істеу үшін медицина қызметкерлері, медицина ұйымдарының менеджерлеріне арналған.

Ағылшын тілінің талап етілетін деңгейі:

Жалғастырушы-орташа (Pre-Іntermediate/Intermediate)

Сипаттамасы

Курс бағдарламасы медицинадағы кең таралған ситуациялық тақырыптарды қамтиды
(медициналық картаны толтыру,  пациентті қарау, дәрі-дәрмекті тағайындау және т.б.), медициналық тақырыпта әңгімелесуді, пациенттермен сөйлесуді, кәсіби медициналық әдебиетті оқуды, құжаттаманы жүргізуді және т.б. үйретеді.

Ұзақтығы: 4 ай, қарқынды (аптасына 3 сағаттан 3 рет).

Курстың мазмұны

  1. Дәрігердің түрлі жағдайда (стационарлық, амбулаториялық және шұғыл медициналық көмек көрсету жағдайларда) пациенттермен, пациенттердің туысқандарымен және әріптестермен ағылшын тілінде тиімді сөйлесуге қажет дағдыларды қалыптастыру және дамыту.
  2. Сөздік қорды және кәсіби терминологияны дамыту.
  3. Кәсіби медициналық әдебиетті ағылшын тілінде оқу.
  4. Медициналық тақырыптарға Englishclub.
  5. Жазбана ағылшын тілі – медициналық құжаттаманы толтыру.
  6. Кәсіпқой ортада ағылшын тілінде сөйлейтін әріптестерімен сөйлесу және ғылыми конференцияларды дайындау/ қатысу үшін ағылшын тіліндегі коммуникативтік дағдыларды пайдалану.
  7. Ситуациялық мәселелерді ағылшын тілінде шешу.