9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ!

11Мам, 2023
Құрметті Ұлы Отан соғысының қатысушылары, тыл еңбеккерлері, әріптестер және білім алушылар!
Барлық әлем әрдайым бейбітшілікте өмір сүрсін, ал соғыс туралы тек осы қасиетті мереке еске салсын. Жеңіс рухы жүректерді жігерлендіріп, алға жетелесін — жаңа ерлікке, табыстар мен жетістіктерге жеткізсін.
Жер бетіндегі бейбітшілікті қалпына келтіру үшін миллиондаған қаза тапқандарды еске алайық. Біздің аталарымыздың өшпес ерлігі біздің жүрегімізде мәңгі қалады, оларға жеңіс үшін алғыс айтамыз!
Келешек еліміздің дархан даласы кең, аспаны ашық болсын!
Құрметпен, «ҚДСЖМ» ҚМУ Ректоры Турдалиева Ботагөз Саитқызы