«ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ» БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТОБЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ

2023 жылғы 17 мамырда “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық қызмет жөніндегі проректор А.Т. Жұмабеков Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының Қазақстан Республикасындағы ғылымды дамыту тұжырымдамасы мен жоспарына ұсыныстар дайындау жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысына қатысты. “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры Б.С. Турдалиева “Өмір және денсаулық туралы ғылым” бағыты бойынша осы жұмыс тобының құрамына кірді.
Отырыста қатысушылар білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.