ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ЖАЛПЫ КӨШПЕЛІ ЖИНАЛЫСЫ

Ағымдағы жылдың 28-29 сәуірінде “ҚДСЖМ” ҚМУ клиникалық қызмет жөніндегі проректоры – А.Т. Жұмабеков ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің (Орал қ.) қатысуымен өткен ҚР жоғары оқу орындары қауымдастығының “Өңірлік даму бағдарламаларын іске асыруда жеке жоғары оқу орындарын одан әрі интеграциялаудың жай-күйі мен болашағы” тақырыбындағы жалпы көшпелі жиналысына қатысты.
Іс-шараны Батыс Қазақстан облысының әкімі – Төреғалиев Н.Т. және ҚР ЖОО Қауымдастығының президенті Алшанов Р.А. құттықтау сөздерімен ашты. Бұдан әрі Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің сөз сөйледі, ол ҚР-да 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасын бекіткені жайлы айтты.
Жиналыс аясында өңірлердің адами капиталын дамыту және оған жеке жоғары оқу орындары мен мн қатысу мәселелері, кәсіби қоғамдастықты толғандыратын басқа да өзекті мәселелер талқыланды.