ШИХЭЦЗИ ҚАЛАСЫНАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯМЕН КЕЗДЕСУ

12Мам, 2023
2023 жылғы 11 мамырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Шихэцзы қаласының делегациясымен кездесу өтті. Кездесуге Шихэцзы университетінің, Денсаулық сақтау басқармасының және Шихэцзы қаласының сауда басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесуде “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры университеттің қызметі туралы айтып берді. Қытай тарапының өкілдері университет, университеттік клиникалар, денсаулық сақтауды дамыту, білім алушылармен алмасу және медицина ғылымы саласындағы жетістіктер туралы айтып берді.
Кездесу аясында білім беру, телемедицина және білім алушылар мен мамандардың алмасуы саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында ынтымақтастық бағыттары және одан әрі бірлескен жұмыс айқындалды.
