ЕУРОПА ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ДИПЛОМЫН БІР МЕЗГІЛДЕ АЛУ МҮМКІНДІГІ БАР

«Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университеті (ҚДСЖМ) және Люблин қаласындағы «Экономика және инновациялар жоғары мектебі» (WSEI) бірлесе отырып, келесі білім беру бағдарламалары бойынша екі дипломдық магистратураға қабылдау ашады:
– «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» Қазақстандық білім беру бағдарламасы (медицина ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесімен мемлекеттік үлгідегі диплом алу);
– «Денсаулық сақтаудағы басқару» Поляк білім беру бағдарламасы (іскерлік әкімшілендіру магистрі академиялық дәрежесімен еуропалық үлгідегі диплом алу).
Оқыту тілі: ағылшын және орыс тілінде
Оқу мерзімі: 2 жыл
Оқыту түрі: аралас
Байланыс телефоны: «ҚДСЖМ» ҚМУ ЖОО кейінгі білім беру департаменті, тел.: +7727 337 80 18 (ішкі 103), +7771 780 76 67
Мекенжайымыз: Алматы қ., Өтепов көшесі 19а, 2 қабат, 201 кабинет.