ДОНОРЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Арал өңірінде жұмыс істейтін донорлардың үйлестіру конференциясы 2023 жылғы 25-26 мамырда Қызылорда қаласында өтті.
Конференция жұмысына м.ғ.д., «ҚДСЖМ» ҚМУ профессоры Ахметов Уәлихан Исайұлы қатысты.
Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасындағы Халықаралық Аралды құтқару қорының атқарушы дирекциясы болды. Бұл бастаманы USAID-тің Арал теңізінің құрғаған түбіндегі экожүйені қалпына келтіру жобасы I (ERAS-I) қолдады.
Конференцияның мақсаты Арал теңізінің қазақстандық бөлігінің құрғаған түбінің экожүйесін қалпына келтіру және жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша ұлттық және халықаралық күш-жігерді үйлестіру үшін платформа құру мүмкіндігін талқылау болды.
Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі, USAID және Қызылорда облысы әкімдігінің, Дүниежүзілік Банктің, БҰҰДБ, ЮНЕСКО, Qazaq Geography және басқа да ұйымдардың өкілдері қатысты.
Конференция барысында стратегиялық әріптестік салаларын талқылау үшін қазіргі уақытта ағымдағы жобалар қандай міндеттерді орындап жатқандығына бағытталған пікірталас өткізілді. Талқылау Арал теңізі өңіріндегі мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастық пен әріптестіктің әлеуетті салаларын айқындауға бағытталды.
