БАКУ ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

«ҚДСЖМ» ҚМУ «Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі А.Р. Рысқұлова 2023 жылғы 27-28 сәуірде Әзірбайжан Республикасы Баку қаласында өткен «Медицинаның өзекті мәселелері» және «IY спутниктік форумы Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау саясаты» Х жыл сайынғы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу үшін қоғамдық денсаулық сақтау білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылардың баяндамаларын дайындауды ұйымдастырды. Бұл іс-шараға жақын және алыс шетелдердің жас ғалымдары қатысты. Онлайн-қатысушылар қатарында 1 курс магистранттары Жарасова Қарлығаш, Тасқынғали Аяулым, Әсет Фариза, кафедраның ПОҚ жетекшілігімен м.ғ.к., профессор М. А. Баймуратова, м. ғ. к., аға оқытушы М. З. Сәрсенбаеваның жетекшілігімен ғылыми зерттеулердің нәтижелері ұсынылды. Ұйымдастыру комитеті Х жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдарын шығарды.