Құрметті резиденттер, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар!

Қазақстандағы Ғылым қызметкерлері күні аясында 2023 жылдың 25 сәуірде «ҚДСЖМ» Қазақстандық медицина университеті Оңтүстік Қазақстан медицина академиясымен бірлесіп ұйымдастырған «Ғылым және жастар: медициналық көмектің сапасы мен медициналық сауаттылық» атты жас ғалымдардың Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
Конференцияға Қазақстан Республикасы білім және ғылым ұйымдарының, сонымен қатар жақын және алыс шет елдердің резиденттері, магистранттары, докторанттары мен 40 жасқа дейінгі жас ғалымдары шақырылады. Конференция жұмысының негізгі бағыттары медициналық көмек сапасы мен халықтың медициналық сауаттылығының өзекті мәселелері болып табылады.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Конференция бағдарламасында пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар қарастырылған.
Іс-шараның аясында үздік баяндаманы анықтау конкурсы өтеді.
Конференцияның барлық қатысушыларына сертификаттар беріледі. Конференция жұмысының қорытындысы бойынша конференция материалдарының электрондық жинағын шығару жоспарлануда.
Конференцияға баяндамамен қатысу үшін толтырылған өтінімді 2023 жылдың 3-сәуіріне дейін science.ksph@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау қажет.
Мақаланы жинаққа жариялау үшін рәсімдеуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, қолжазбаны және толтырылған өтінімді 2023 жылдың 4-сәуіріне дейін science.ksph@gmail.com электрондық мекенжайына жолдау қажет.
Конференцияға қатысу ТЕГІН.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050060, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а
Байланыс тұлға Минина Анастасия +7 778 390 3484.