ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИНАЛЫС

Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне орай салтанатты жиналыс ұйымдастырып, оған “ҚДСЖМ” ректоры Тұрдалиева Ботагөз Саитқызы қатысты. Іс-шара Астана қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А. С. Көлгіновтің, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбектің, Қазақстанның академиктері мен жетекші ғалымдарының, ұлттық ғылыми кеңестер мүшелерінің, ғылыми ұйымдар мен ЖОО басшыларының, ұлттық және инженерлік зертханалардың, ғылым саласындағы қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен “Шабыт” шығармашылық сарайы ғимаратында өтті.
Салтанатты жиын аясында еліміздегі ғылым саласын дамытудың өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды.
А.ж. 14 сәуірде “ҚДСЖМ” ҚМУ ректоры Тұрдалиева Ботагөз Саитқызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясында ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті – Күнсұлу Закария Далтонқызы ұсынылған ғылым қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.