ХАБАРЛАНДЫРУ

07Сәу, 2023
10 сәуірде Дүниежүзілік денсаулық күні аясында олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, Армияның орталық спорт клубы – ҚР ҚМ спорт комитетінің төрағасы – Шишигина Ольга Васильевна “ҚДСЖМ” Қазақстандық медициналық университетіне арнайы сапармен келеді.
Іс-шара аясында Ольга Васильевна университет білім алушыларының алдында мотивациялық дәріспен сөз сөйлейді және спорттық жаттығу бойынша шеберлік сабағын өткізеді.
Өткізілетін күні мен орны: 2023 жылғы 10 сәуір сағат 15.00-ден 16.30-ға дейін “ҚДСЖМ” ҚМУ мекен-жайы бойынша: Алматы қ., Өтепов к-сі, 19 “А”, 5 қабат, конференц-зал.
Мастер-класс сағат 16.00-де басталады
Байланыс телефоны: 8 778 944 93 11 (Құлманова Ақнұр)