СЕМИНАР: МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ ҮШІН ЖУРНАЛ ІЗДЕУ

13Сәу, 2023
Ғылым қызметкерлері күні аясында 2023 жылғы 11 сәуірде «ҚДСЖМ» ҚМУ-де магистранттар мен докторанттарға арналған «Scopus және ScienceDirect – мақала жариялау үшін журналды қалай іздеу керек» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарды Elsevier компаниясының Орталық Азия және Әзірбайжан бойынша кеңесшісі Рабига Қожамқұл өткізді. Семинар тақырыбы өзекті болғандықтан тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Семинар барысында ғылыми зерттеу үшін өзекті тақырыптарды іздеу; зерттеушінің мақаласына сәйкес келетін қолайлы журналдарды таңдай білу; қолайлы журналды анықтау үшін ScienceDirect құралдарын пайдалану мәселелері талқыланды.
Next
БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ЦИКЛІ: "ШҰҒЫЛ ЖАҒДАЙЛАРДА РЕАНИМАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРҚЫНДЫ ТЕРАПИЯ"
Сәуір 14, 2023