ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ «ҚДСЖМ» ҚМУ КЕЛДІ

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде ДДСҰ-ның 75 жылдық мерейтойы мен Дүниежүзілік денсаулық күнін мерекелеу аясында олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР ҚМ спорт комитеті – Армия орталық спорт клубының төрағасы – Шишигина Ольга Васильевна «Қазақстандық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медициналық университетіне арнайы сапармен келді.
Сапар бағдарламасы аясында Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған мотивациялық дәріс пен спорттық іс-шараны қамтыды. Іс-шара университет ректоры, м.ғ.д., профессор Б.С. Турдалиеваның университет жайлы баяндамасымен бастау алды: құрылу тарихы, соңғы жетістіктері мен даму жоспарлары. Одан әрі университет дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) “Салауатты университеттер” жобасына қатысатынын атап өтті.
Ольга Васильевна барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті және ашық интерактивті форматта түрлі сұрақтарға жауап берді. Дәріс жеке тұлғаны өзін-өзі жетілдіру, мақсаттар мен міндеттерді құру және қою тақырыбына арналды. Ольга Васильевна қатысушылармен келесідей сөздермен бөлісті: “Адамның толқуы мен эмоциясын өзі қадағалап отыру керек, өйткені олар организмге және жетістікке кері әсер етеді”. Ольга Васильевна бала кезінде хирург болуды армандаған екен.
Спикердің білім алушылар алдында сөйлеген сөзінің мақсаты аудиторияны студенттердің денсаулығын нығайтуға, жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға ынталандыру болды. Лекция үлкен қызығушылықпен тыңдалды. Дәріс 50-ден астам адамның қатысуымен гибридті форматта өтті.
Іс-шара аясында денсаулық жәрмеңкесі ұйымдастырылды, оның қатысушылары келушілерге салауатты өмір салтын сақтау үшін пайдалы өнімдер мен қызметтерді ұсынатын компаниялар болды. Жәрмеңкеге келушілер, сонымен қатар манекендерде кенеттен жүрек тоқтап қалғанда және бөгде зат жоғарғы тыныс жолдарына түскенде шұғыл көмек көрсету дағдыларын игеруге мүмкіндік алды. Іс – шара ҚР ҚМ СК – орталық спорт клубының штаттық командаларды даярлау орталығының бөлім бастығы (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) Денис Перемитиннің жетекшілігімен көңілді спорттық флешмобпен аяқталды.


