Жалпықалалық сенбілік

28Сәу, 2023
2023 жылдың 22 сәуірінде “ҚДСЖМ” Қазақстандық медицина университетінің ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Әкімшілік, қызметкерлер, оқытушылар мен білім алушылар университет пен оған іргелес аумақты абаттандырды, сондай-ақ жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да қаланы тазартуға ортақ іске қосылды. Мұндай іс-шаралар, әрине, барлығына сүйікті қаламызды абаттандыруға қатысуға мүмкіндік береді.
Барлық ұжым таза ауада көктемгі көтеріңкі көңіл-күйде тату жұмыс жасады!