АНОНС. ТАРАЗ Қ. МАСТЕР-КЛАСС ӨТУДЕ

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде “ҚДСЖМ” ҚМУ қызметкерлері Тараз қаласында бір күндік шеберлік сабағын өткізетінін хабарлаймыз.
Өтетін орны мен уақыты:
1.”Кеуде хирургиясындағы эндовидеоскопия” – Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы; сағат 10.00-де. Оқытушы – хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті С.Ж.Жаңбырбаев
2. “Шұғыл жағдайдағы ЭКГ” – Жамбыл облыстық көп бейінді ауруханасының мәжіліс залы, сағат 10.00-де. Оқытушы – хирургиялық аурулар кафедрасының ассистенті Д.Ж.Екібаева
3. “МСАК орталықтары деңгейінде жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентін бөлудің әдістемелік негіздері”, №5 қалалық емхана, сағат 10.00-де. Оқытушы – м.ғ.д., профессор, Экономика денсаулық сақтау және сақтандыру медицинасы кафедрасы меңгерушісі Қ.Құралбай.