Алматы қаласында QAZTEST жүйесі бойынша сертификаттық тестілеуден өтуге ниет білдірген тестіленушілердің назарына!

Құрметті тестіленушілер!
2023 жылдың мамыр айында Алматы, Өскемен, Орал қалаларында QAZTEST жүйесі бойынша көшпелі сертификаттау тестілеуін өткізу жоспарланған. Тестілеуге қатысу үшін өтінімді «Болашақ» халықаралық бағдарламасы, ҚР жоғары оқу орындарының докторантурасына түсуге үміткерлер, Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлер, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару Академиясына түсушілер, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары және басқа да ниет білдірген жеке тұлғалар жібере алады.
Тестілеуге қатысу үшін Сіз QAZTEST сайтында ұсынылған сауалнаманы толтыру арқылы өтінім қалдыра аласыз http://kazakhtest.kz/kz/news/587426/
Әрі қарай, сіздің электрондық поштаңызға тестілеуді өткізу орны мен уақыты туралы ақпараты бар хабарламалар жіберіледі.