ӨНЕР МУЗЕЙІНДЕ

ҚМУ «ҚДСЖМ» білім алушыларының танымдық өрісін кеңейту мақсатында «Денсаулық сақтау менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы Нарымбаева Назерке Нұрмағамбетқызы медико-профилактикалық іс мамандығының 1 курс магистранттарымен бірге Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейіне барды.
Музейде Қазақстанның бейнелеу өнері, Қазақстанның қолданбалы өнері, шетел классикалық өнері, жаңа дәуірдегі бейнелеу өнері көрініс тапқан. Қазіргі таңдағы музейдің қоры өзінің көркемдік деңгейінің жоғарылығымен көптеген әлемдік жинақтардан еш қалыспайды. Әрбір халықтың мәдени байлығы мен ерекшелігін көрсететін музейдің тұрақты экспозицияларымен бірге, магистранттар, Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған, испан суретшісі Хосе Мария Каноның «Ай сәулесі» көрмесін тамашалап қайтты.
