«ҚДСЖМ» ҚМУ ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ СТИЛІ КҮНІ ӨТТІ

Бүгін, 20 наурыз күні университетте көктем мерекесі – Наурыздың мейрамына орай “The Day of Kazakh national Style in KMU “KSPH” қазақ ұлттық стилі күні атап өтілді.
Мереке аясында дефиле өткізілді, онда біздің қызметкерлер мен білім алушылар қызыл кілемнен өтіп, өз киімдерін көрсетті. Іс-шара қазақ халқының мәдениеті мен құндылықтарына тұрақты қызығушылықты қалыптастыру, жас ұрпақты тәрбиелеу мақсатында өткізілді.