Бүгін Өзбекстан Республикасынан келген делегация, Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық шұғыл медициналық көмек ғылыми орталығының (РШМКҒО) өкілдері үшін ынтымақтастық және өзара көмек туралы Меморандумды іске асыру шеңберінде “ҚДСЖМ” ҚМУ басшылары университеттің клиникалық базалары бойынша таныстыру турын ұйымдастырды.
Тур аясында делегация Алматы қаласы бойынша бірқатар медициналық мекемелерге барды, қалалық жедел жәрдем ауруханасы, Жедел медициналық жәрдем станциясы, Қалалық кардиологиялық орталық сияқты денсаулық сақтау мекемелерінің басшылығымен кездесу өтті.
Делегация клиникалық базалардың заманауи жабдықталуымен, олардың құрылымына кіретін бөлімшелердің жұмысымен, оқу, ғылыми және клиникалық жұмыстарды жүргізу үшін жабдықтарды пайдалану мүмкіндіктерімен танысты.



