“Балаларға мейірімділік және жылулықпен!” атты қайырымдылық акция аясында «Қоғамдық денсаулық» мамандығы бойынша 1 курс магистранттары “Каусар” атты қыздарға арналған интернетқа барды.
Біздің білім алушылар жарияланған акцияға үлкен ықыласпен қолдау көрсетуде және қатысуда. Білім алушылар жинаған қаражаттарына балаларға тәттілер және қажетті құралдарын сатып алды. Сондай-ақ, акция аясында қыздарға тегін медициналық кеңес көрсетілді.