Қазақстандық медицина университеті «ҚДСЖМ» докторантураға түсушілер үшін алдын ала іріктеу өткізудің басталғаны туралы хабарлайды
2023 жылдың 1 ақпанынан 31 мамырына дейін!
I Іріктеу кезеңі:
ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 «Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары» бұйрығына сәйкес (08.06.2020 жылғы өзгерістермен және толықтырулармен) іріктеу кезеңі докторантураға түсу үшін міндетті кезең болып табылады. ҚМУ «ҚДСЖМ» іріктеу кезеңінен өтпеген тұлғалар докторантураға түсу үшін түсу емтихандарына жіберілмейді.
ЖШС «ҚДСЖМ» Қазақстан медицина университеті білім беру бағдарламалары бойынша докторантураға түсушілерге іріктеу кезеңін жүргізеді:
– D139-«Қоғамдық денсаулық сақтау»;
– D141-«Медицина».
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша оқу мерзімі 3 жыл.
Докторантураға «магистр» дәрежесі және кемінде 1 (бір) жылдық стажы бар немесе медициналық мамандықтар бойынша резидентурада оқуын аяқтаған тұлғалар қабылданады.
II Докторантураға алдын ала іріктеуден өту үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:
- ЖШС ҚМУ «ҚДСЖМ» ректорының атына өтініш (қосымша 1);
- Жеке басын куәландыратын құжат (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың көшірмесі (өткен жылдардың түлектері үшін);
- ҒТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан тапсыру туралы ресми сертификат (ҚАЗТЕСТ);
- шет тілін меңгергенін растайтын сертификат;
- оқу орнынан анықтама (магистратура/резидентура бітіруші курс студенттері үшін);
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ немесе жұмыс орны бойынша кадр қызметімен расталған еңбек қызметін растайтын өзге де құжат;
- соңғы үш күнтізбелік жылдағы ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың (ғылыми жарияланымдардың) тізімі;
- жоспар – болашақ зерттеудің бағдарламасы (жоспар-бағдарламаның нысаны);Ғылыми гранттар (болған жағдайда);
10) ғылыми конференцияларға қатысушының сертификаттары (бар болса);
11) ғылыми дипломдар мен наградалар, ғылыми жобаларға қатысу (бар болса);
12) сканерленген құжаттарды электрондық мекенжайға жіберу қажет kmu_ksph@mail.ru
Тізімдегі құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда, қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерден түскен өтініштерді қарамайды.
Докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалардың алдыңғы білім деңгейіне қойылатын талаптар
Білім беру бағдарламаларының коды және тобы | Талап етілетін білім деңгейі мамандығының коды және атауы |
D139 Қоғамдық денсаулық сақтау | 7М10 – Денсаулық сақтау |
D141 Медицина | Резидентура (барлық мамандықтар). |
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментіне хабарласуға болады
моб. тел.: +7 (771) 780-76-67;
жұмыс тел.: + 7 (727) 337 80 18 (ішкі 103)
e-mail: kmu_ksph@mail.ru
«ҚДСЖМ» ҚМУ Алматы қ., Өтепов к-сі, 19а мекенжайы бойынша орналасқан.
Ұзақ ынтымақтастық болады деп үміттенеміз!