Ағымдағы жылдың 13 наурызында университеттің коворкингінде ҚМУ “Эпидемиология, дәлелді медицина және биостатистика” кафедрасының ұйымдастыруымен “Халық денсаулығын бағалау әдістері” тақырыбында мастер-класс өткізілді.
Мастер-классты кафедра оқытушысы, доцент, м.ғ.к. М.К. Досыбаев өткізді.
МК қатысушылары “Медицина” мамандығының магистранттары мен докторанттары болды.
МК өткізудің мақсаты-студенттерді халықтың денсаулығын зерттеу әдістерімен және олардың көрсеткіштерімен таныстыру.
Мастер-класста білім алушылар ДДҰ ұсынымдары бойынша қоғамдық денсаулықты бағалау көрсеткіштерін дұрыс сипаттауды, Қоғамдық денсаулық көрсеткіштерінің индикаторларын немесе топтарын сипаттауды, халықтың денсаулық жағдайын кешенді талдаудың негізгі элементтеріне сипаттама қалыптастыруды үйренді.