«ЖОО-ДЫҢ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫНДАҒЫ ЖАҢА ТРЕНДТЕР» СЕМИНАР-КЕҢЕСІНДЕ

2023 жылдың 16 наурызында «ҚДСЖМ» ҚМУ Білім және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры А. А. Кауышева ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Astana IT University базасында ұйымдастырған «ЖОО-дың академиялық саясатындағы жаңа трендтер» семинар-кеңесіне қатысты. Семинарды ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ашты, ол өз баяндамасында ҚР-да 2023-2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту Тұжырымдамасының жобасы туралы айтты .
Семинар-кеңестің спикерлері ретінде вице-министр К.А. Эргалиев; КОКСОН төрағасы Г.И. Қобенова; КВПО төрағасының орынбасары Б.М. Нарбекова , ЖОО ректорлары мен проректорлары және т.б. сөз сөйледі. Семинарда академиялық мәселелердің аспектілері, «таза парақтан» жаңа реттеуші саясат, кәсіби біліктілік туралы заң жобасын іске асыру, кәсіби стандарттар негізінде білім беру бағдарламаларын өзектендіру туралы айтылды және т.б.
Семинарда кәсіби қоғамдастықты толғандыратын өзекті мәселелер көтерілді.